Еуразия даму банкiнiң кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 маусымдағы N 535 Қаулысы

      2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкiн құру туралы  келiсiммен бекiтілген Еуразия даму банкiнiң  Жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Еуразия даму банкiне қатысушының өкiлеттi өкiлi Владимир Сергеевич Школьникке Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) Еуразия даму банкiнiң филиалын, сондай-ақ Астана (Қазақстан Республикасы) және Мәскеу қалаларында (Ресей Федерациясы) өкiлдiктерiн ашу туралы Еуразия даму банкi Кеңесiнiң шешiмiн қабылдау жөнiнде дауыс беруге өкiлеттiк берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Еуразия даму банкi өзара iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша байланыс жасайтын ресми орган ретiнде белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне Еуразия даму банкiнiң жарғылық капиталына жазылуға ақы төлеу бойынша вексельдер нысанында мiндеттемелердi шығаруға өкiлеттiк берiлсiн.

      4. Осы қаулы Еуразия даму банкiн құру туралы келiсiм күшiне енген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады