Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
"Қазақстан Республикасының әкiмшілiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы
1-бап.
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 507-құжат; 1995 ж., N 23, 146-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 23, 142-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгізiлсiн:
1) 2-баптың алтыншы бөлiгi ", сондай-ақ" деген сөзден кейiн ", қалалық әкiмшiлiк бағыныстың аумағындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 3-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) ауыл (село) - саны кемiнде 50 адам, олардың iшiнде ауыл, орман және аңшылық шаруашылығында, ара шаруашылығында, балық аулау шаруашылығында және балық өсiрумен айналысатын шаруашылықта жұмыс iстейтiн қызметкерлер, олардың отбасы мүшелерi, сондай-ақ денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт мамандары халықтың кемiнде жартысын құрайтын елдi мекен;".
2-бап.
Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi