"Қазақстан Республикасының әкiмшілiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 маусымдағы N 560 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      "Қазақстан Республикасының әкiмшілiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы

       1-бап.  "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 507-құжат; 1995 ж., N 23, 146-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 23, 142-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгізiлсiн:
      1) 2-баптың алтыншы бөлiгi ", сондай-ақ" деген сөзден кейiн ", қалалық әкiмшiлiк бағыныстың аумағындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 3-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) ауыл (село) - саны кемiнде 50 адам, олардың iшiнде ауыл, орман және аңшылық шаруашылығында, ара шаруашылығында, балық аулау шаруашылығында және балық өсiрумен айналысатын шаруашылықта жұмыс iстейтiн қызметкерлер, олардың отбасы мүшелерi, сондай-ақ денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт мамандары халықтың кемiнде жартысын құрайтын елдi мекен;".
       2-бап.  Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады