Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2006 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 ақпандағы N 69 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2006 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыда:
1-тармақтағы "және пайдалы жүктемелердi (ғарыш аппараттарын) iлеспе шығара отырып, зымырандарды сынақтық ұшыруға" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi дипломатиялық арналар арқылы Ресей Тарабын қабылданған шешiм туралы хабардар етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi