Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 6 ақпандағы N 69 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 маусымдағы N 582 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2006 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 ақпандағы N 69  қаулысына  мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2006 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыда:
      1-тармақтағы "және пайдалы жүктемелердi (ғарыш аппараттарын) iлеспе шығара отырып, зымырандарды сынақтық ұшыруға" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi дипломатиялық арналар арқылы Ресей Тарабын қабылданған шешiм туралы хабардар етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады