Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қазақстан-өзбек учаскесін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне "Оңтүстік" өңірлік басқармасының N 2020 әскери бөлімінің учаскесіндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын инженерлік-техникалық жабдықтауға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 437354800 (төрт жүз отыз жеті миллион үш жүз елу төрт мың сегіз) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
2. Көрсетілген қаражат мыналарды:
125380000 (бір жүз жиырма бес миллион үш жүз сексен мың) теңге сомасында инженерлік-жол техникасын;
308180000 (үш жүз сегіз миллион бір жүз сексен мың) теңге сомасында шиыршықты қауіпсіздік кедергілері мен көрінбейтін кедергі пакеттерін;
37948000 (үш миллион жеті жүз тоқсан төрт мың сегіз жүз) теңге сомасында жанар-жағар май материалдарын сатып алуға бөлінеді деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.