Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 шілдедегі N 704 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қазақстан-өзбек учаскесін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне "Оңтүстік" өңірлік басқармасының N 2020 әскери бөлімінің учаскесіндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын инженерлік-техникалық жабдықтауға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 437354800 (төрт жүз отыз жеті миллион үш жүз елу төрт мың сегіз) теңге сомасында қаражат бөлінсін.

      2. Көрсетілген қаражат мыналарды:
      125380000 (бір жүз жиырма бес миллион үш жүз сексен мың) теңге сомасында инженерлік-жол техникасын;
      308180000 (үш жүз сегіз миллион бір жүз сексен мың) теңге сомасында шиыршықты қауіпсіздік кедергілері мен көрінбейтін кедергі пакеттерін;
      37948000 (үш миллион жеті жүз тоқсан төрт мың сегіз жүз) теңге сомасында жанар-жағар май материалдарын сатып алуға бөлінеді деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады