Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 тамыздағы N 742 Қаулысы

      "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына шаруашылық жүргiзу құқығындағы мынадай еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарды құруға рұқсат берiлсiн:
      "Микроорганизмдердiң республикалық коллекциясы", Астана қаласы, Уәлиханов көшесi, 43;
      "Биологиялық қауiпсiздiк проблемаларының ғылыми-зерттеу институты", Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейский қала типтес кент;
      "Өсiмдiктердiң биологиясы және биотехнологиясы институты", Алматы қаласы, Тимирязев көшесi, 45.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О создании дочерних государственных предприятий Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Национальный центр биотехнологии Республики Казахстан" Министерства образования и науки Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 августа 2006 года N 742

      В соответствии с  Законом Республики Казахстан от 19 июня 1995 года "О государственном предприятии" Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Разрешить Республиканскому государственному предприятию на праве хозяйственного ведения "Национальный центр биотехнологии Республики Казахстан" Министерства образования и науки Республики Казахстан создать следующие дочерние государственные предприятия на праве хозяйственного ведения:
      "Республиканская коллекция микроорганизмов", город Астана, улица Валиханова, 43;
      "Научно-исследовательский институт проблем биологической безопасности", Жамбылская область, Кордайский район, поселок городского типа Гвардейский;
      "Институт биологии и биотехнологии растений", город Алматы, улица Тимирязева, 45.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан