"Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына шаруашылық жүргiзу құқығындағы мынадай еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарды құруға рұқсат берiлсiн:
"Микроорганизмдердiң республикалық коллекциясы", Астана қаласы, Уәлиханов көшесi, 43;
"Биологиялық қауiпсiздiк проблемаларының ғылыми-зерттеу институты", Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейский қала типтес кент;
"Өсiмдiктердiң биологиясы және биотехнологиясы институты", Алматы қаласы, Тимирязев көшесi, 45.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі