"2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына және "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергілiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405 қаулысына сәйкес және Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша қаласының тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiн 2006/2007 жылғы жылыту маусымына дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмiне Тайынша қаласында орталық қазандық салуға және жылужолын тартуға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен 332800000 (үш жүз отыз екi миллион сегiз жүз мың) теңге бөлiнсiн.