Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 тамыздағы N 769 Қаулысы

      "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы  Заңына  және "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергілiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405  қаулысына  сәйкес және Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша қаласының тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiн 2006/2007 жылғы жылыту маусымына дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмiне Тайынша қаласында орталық қазандық салуға және жылужолын тартуға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен 332800000 (үш жүз отыз екi миллион сегiз жүз мың) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады