Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1325 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1586 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 45-46, 538-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспедегі "1997 жылғы 19 маусымдағы" деген сөздер "2006 жылғы 31 қаңтардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанында:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Мекен-жайы" деген жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі