Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу үшiн алым ставкаларын, жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысанын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 1586 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1325 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1325 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!
      Өзгертулер қабылданған - ҚР Үкіметінің N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына және "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексiне) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.21. N 792 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса берiлiп отырған:
      жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу үшiн алым ставкалары;
      жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысаны бекiтiлсiн.

      2. "Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тiркеу үшiн алым төлеудiң және оның ставкаларының тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1037 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 26, 304-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары 2002 жылғы 1 қаңтарға дейiн өздерiнiң бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.

      4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн осы қаулының 1, 2-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                          Қазақстан Республикасы
                                                Yкiметiнiң
                                        2001 жылғы 6 желтоқсандағы
                                             N 1586 қаулысымен
                                                бекiтiлген

Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу үшiн
алым ставкалары

      Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу үшiн алым ставкалары:
      1) жеке кәсiпкерлер ретiнде Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу кезiнде алым төлейтiн күнге қолданылып жүрген төрт еселiк айлық есептiк көрсеткiштi құрайды;
      2) мемлекеттiк тiркелгенiн куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде осы қосымшаның 1) тармақшасында белгiленген алым ставкасының жиырма бес пайызын құрайды.

                                          Қазақстан Республикасы
                                                Yкiметiнiң
                                        2001 жылғы 6 желтоқсандағы
                                             N 1586 қаулысымен
                                                 бекiтiлген

      Ескерту. Нысанға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.21. N 792 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

            ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
                          САЛЫҚ КОМИТЕТІ

     ___________________                              Қазақстан
     ___________________ бойынша Салық комитеті    Республикасының
                                                      елтаңбасы

            Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы
                            КУӘЛІК

                                Сериясы N

     Салық төлеушінің атауы "__________________________________________"
                            Тегі _______________________________________
                            Аты ________________________________________

         Фотосуретке        Әкесінің аты
_______________________________
          арналған          СТН
________________________________________
            орын
____________________________________________
____________________________________________
____________________________________________

                                Артқы беті

     Жеке басты куәландыратын құжат __________________________

     Тіркеу органының тіркеу нөмірі __________________________

     Тіркелген күні __________________________________________

     Салық органының басшысы: ________________________________
                                          аты-жөні

     __________________________________________
                    қолы                                М.О.

     Берілген күні _______________________

     Қолданылу мерзімі __________________________________
                       (жеке кәсіпкердің өтініші бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады