"Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту" жобасын одан әрі қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 826 Қаулысы. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 26 ақпандағы N 143 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 26 ақпандағы  N 143 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) іске асыратын "Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту" жобасын одан әрі қаржыландыруды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы негізінде "HSBS Bank plc." акционерлік қоғамы (бұдан әрі - банк) "Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту" жобасын одан әрі қаржыландыру үшін оларды 2006 жылы сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар қаржы қызметтерін көрсетуші болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәсіпорынның мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптарды орындауын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорынмен және "Қазақстан Даму банкі" акционерлік қоғамымен мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім жасассын;
      2) "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының  Заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдіктер беру лимитінің шегінде 62 000 000 (алпыс екі миллион) АҚШ доллары мөлшерінде тартылатын қарыз бойынша кәсіпорынның міндеттемелері орындауын қамтамасыз ету ретінде банкке Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О некоторых вопросах дальнейшего финансирования проекта "Расширение Актауского международного морского торгового порта в северном направлении"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2006 года N 826. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2007 года N 143

       Сноска. Постановление Правительства РК от 25 августа 2006 года N 826 утратило силу постановлением Правительства РК от 26 февраля 2007 года N  143 .

      В целях организации дальнейшего финансирования проекта "Расширение Актауского международного морского торгового порта в северном направлении", реализуемого республиканским государственным предприятием "Актауский международный морской торговый порт" Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (далее - предприятие), Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. На основании подпункта 5) пункта 1  статьи 21 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2002 года "О государственных закупках" определить акционерное общество "HSBC Bank plc." (далее - банк) поставщиком финансовых услуг для дальнейшего финансирования проекта "Расширение Актауского международного морского торгового порта в северном направлении", закупка которых имеет важное стратегическое значение на 2006 год.

      2. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить выполнение предприятием требований, предъявляемых к лицам, претендующим на получение государственной гарантии.

      3. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:
      1) заключить с предприятием и акционерным обществом "Банк развития Казахстана" соглашение о предоставлении государственной гарантии;
      2) предоставить банку государственную гарантию Республики Казахстан в качестве обеспечения выполнения обязательств предприятия по привлекаемому займу в размере 62 000 000 (шестьдесят два миллиона) долларов США, в пределах лимита предоставления государственных гарантий, утвержденного  Законом Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2006 год".

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
   Республики Казахстан