Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 ақпандағы N 143 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес "Ақтау халықаралық теңiз сауда портын солтүстiк бағытта кеңейту" жобасын iске асыру шеңберiнде мемлекеттiк инфрақұрылымдық құрылыстар салуды қаржыландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Қазақстан Даму Банкi" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - банк) "Ақтау халықаралық теңiз сауда портын солтүстiк бағытта кеңейту" жобасын iске асыру шеңберiнде мемлекеттiк инфрақұрылымдық құрылыстар салуды одан әрi қаржыландыру үшiн қаржы қызметтерiн көрсетушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң "Ақтау халықаралық теңiз сауда порты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген банкпен қаржы қызметтерiн мемлекеттiк сатып алу туралы келiсiм жасасуды;
      2) ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3, 4-тармақтарын сақтауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. "Ақтау халықаралық теңiз сауда портын солтүстiк бағытта кеңейту" жобасын одан әрi қаржыландырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы N 826  қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады