"2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне Бейбітшілік және Келісім сарайының салтанатты ашылуын өткізуге, Бейбітшілік және Келісім сарайының ашылуына арналған мерекелік концертті өткізуге, Бейбітшілік және Келісім сарайына экспозиция жасауға және оны көркем безендіруге 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 260777500 (екі жүз алпыс миллион жеті жүз жетпіс жеті мың бес жүз) теңге бөлінсін.