"2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына , "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасына 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен сериялық нөмiрi 2592, А319-115/CJ әуе кемесiн сатып алу және ұстау үшiн "Бүркiт" мемлекеттiк авиакомпаниясы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының жарғылық капиталын ұлғайтуға 3825236 (үш миллиард сегiз жүз жиырма бес миллион екi жүз отыз алты мың) теңге бөлiнсiн.
2. "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228
қаулысына
мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
II "Шығындар" бөлiмiнде:
01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында:
694 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы" әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы бағдарламамен толықтырылсын:
"109 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервiнiң есебiнен iс-шаралар өткiзу 3825236 мың теңге";
01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында 01 "Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар" iшкi функциясында 694 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы" әкiмшiсi бойынша А319-115/CJ әуе кемесін сатып алу және ұстау үшін "Бүркіт" мемлекеттік авиакомпаниясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жарғылық капиталын ұлғайту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін шығындар 3825236 мың теңге сомасына ұлғайтылсын;
13 "Басқалар" функционалдық тобында 09 "Басқалар ішкі функциясында 217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" әкімшісі бойынша 010 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві" бағдарламасында 101 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві" кіші бағдарламасында шығындар 3825236 мың теңге сомасына азайтылсын.