Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 28
желтоқсандағы N 1509 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнiң 25-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 51, 675-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесi туралы ережеде 5-тармақтың 3) тармақшасындағы "қаржылық активтердiң және өзге де мүлiктiң" деген сөздер "шетелдiк қаржы құралдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi