"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 қазандағы N 1006 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 28
желтоқсандағы N 1509 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнiң  25-бабына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 1509  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 51, 675-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесi туралы ережеде 5-тармақтың 3) тармақшасындағы "қаржылық активтердiң және өзге де мүлiктiң" деген сөздер "шетелдiк қаржы құралдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады