Индустриялық аймақтар құру тұжырымдамасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 қарашадағы N 1098 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1294 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы  N 1294 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Индустриялық аймақтар құру тұжырымдамасы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Жоба

  Индустриялық аймақтар құру тұжырымдамасы

Кіріспе

      Осы Индустриялық аймақтар құру тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесінің 8-тармағына сәйкес әзірленген.
      Осы Тұжырымдамада индустриалық аймақтарды құрудың және оның жұмыс істеуінің перспективалық көрінісі белгіленген.
      Тұжырымдаманы қабылдау республикада қазіргі кезеңде қалыптасқан экономикалық қатынастарды қалыпты дамытудың, оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету, елдің экономикасын әртараптандыру мақсатында индустриялық аймақтардың модельдерін неғұрлым тиімді пайдалану және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін қажет.

  1. Индустриялық аймақтар құрудың қазіргі заманғы жай-күйін талдау

      Нақты өндірісті мемлекеттік ынталандырудың перспективалық құралдарының бірі индустриялық аймақтар құру болып табылады.
      Индустриялық аймақтар 100 жылдан астам бұрын Ұлыбритания мен АҚШ-та пайда бола бастады. Батыс Еуропада индустриялық аймақтар 2-дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен қолданылды. Қазіргі уақытта әлемде 20000-нан астам индустриялық аймақтар бар. Бұл ретте Еуропада индустриялық аймақтар индустрияны құрылымдық қайта құрудың құралы ретінде қолданылып отырған кезде, Азия елдерінде аймақтарды құрудың негізгі мақсаты көбінесе елдің жедел экономикалық дамуы болып табылатындығы фактісін атап өтуге болады.
      Осы тетік қазіргі уақытта»"Құрылыс материалдары" индустриялық аймағы құрылатын Астана қаласында және "Металлургия-металлөңдеу" индустриялық аймағы құрылатын Қарағанды облысында Қазақстандық кластерлік бастаманы іске асыру шеңберінде байқаудан өтуде.
      "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңында индустриялық аймақтар ұғымы берілген, олардың мақсаты мен міндеттері айқындалған. Алайда қолданыстағы заңнамада индустриялық аймақтарды ұйымдастыру және олардың тікелей жұмыс істеуі мәселелері қарастырылмаған.

  2. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері

      Тұжырымдаманың мақсаты өнеркәсіп саласында жеке кәсіпкерлікті жедел дамытуға жәрдемдесу үшін отандық және шетелдік инвесторларды тарта отырып, индустриялық аймақтарды ұйымдастыру үшін алғышарттар жасау болып табылады.
      Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай міндеттерді шешу қажет:
      индустриалық аймақ ұғымын ашу (Қазақстанның жағдайына қатысты);
      қолда бар халықаралық тәжірибе негізінде индустриалық аймақтарды құрудың және олардың жұмыс істеуінің ұсынылатын шарттарын (өлшемдері) айқындау;
      индустриалық аймақтарды ұйымдастырудың кезеңдерін айқындау.

  3. Индустриялық аймақтар ұғымы

      Индустриялық аймақтар деп коммуникациялармен қамтамасыз етілген, мемлекет жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен беретін ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер түсініледі.
      Жер учаскелері құрылу сәтінде мемлекеттік меншікте болуға және бюджет қаражаты, сондай-ақ заңнамада тыйым салынбаған өзге көздер есебінен жеткілікті инфрақұрылымдық ресурстармен қамтамасыз етілуге тиіс.
      Бұл ретте, инфрақұрылымдық ресурстар деп индустриялық аймақтың барлық қатысушыларының жылу және электр энергиясына, сумен жабдықтауға, кәрізге, көлік коммуникациясына, байланыс қызметтеріне және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті өзге де қызмет түрлеріне мұқтажын қамтамасыз ететін құрылыстар кешені түсініледі.
      Индустриялық аймақтар инфрақұрылымдық ресурстармен қамтамасыз етілуден басқа мынадай сипаттамаларға ие болудың арқасында отандық және шетелдік инвесторлар үшін тартымды болуға тиіс:
      жұмыс істеу және тұру үшін қолайлы жағдайлар;
      коммуналдық қызметтер мен электр энергиясына шығындарды азайту;
      магистралды көлік желілерімен және хабтармен қатар орналасу;
      қажетті қуаттылықтың болуы;
      басқа бейіндік кәсіпорындармен бірігу мүмкіндігі;
      аймақты кәсіби басқару.
      Әрбір индустриялық аймақтың мамандануы аймақтарды ұйымдастырудың мынандай мақсаттарына сәйкес айқындалады:
      1. Өнеркәсіптің белгілі бір салаларын дамыту.
      2. Белгілі бір өңірлерді дамыту.
      3. Шағын және орта бизнесті дамыту.

  4. Индустриялық аймақтарды құрудың және олардың жұмыс істеуінің ұсынылатын шарттары

      Шетелдік тәжірибені ескере отырып, индустриялық аймақтардың тиімді жұмыс істеуінің мынадай шарттарын ұсынуға болады:
      участкенің мөлшері - кемінде 30 га;
      магистралдық коммуникацияларға дейінгі қашықтық - 20 км-ден аспайды;
      негізгі көліктік бағыттарда орналасу;
      дамыған және жеткілікті инженерлік инфрақұрылым;
      кеңсе және қойма үй-жайларының жеткілікті санының болуы, әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелерді шешу;
      жұмысшы кадрлардың жеткілікті санының болуы.
      Бұл ретте, аймақтардың аумағында мүмкіндігінше инженерлік инфрақұрылым объектілерін (электр беру желілері, жылумен, сумен жабдықтау, кәріз, байланыс), автомобиль жолдары мен темір жол кіреберіс жолдарын, көлік-логистикалық орталығын, кеңсе және қойма үй-жайларын (индустриялық аймаққа қатысушыларға жалға беру үшін), тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету пункттерін, жатақханалар мен қонақ үйлер, кәсіптік-техникалық оқу орындарын салуды көздеген дұрыс.
      Индустриялық аймақтардың тиімді жұмыс істеуіне инвестициялық
жобаларды индустриялық аймақтардың аумағында іске асыру үшін оларды
таңдаудың жүйесі де, сондай-ақ индустриялық аймақтың аумағында қызмет жүргізу үшін шарттар жасасу рәсімінің жеделдігі мен қарапайымдылығы маңызды рөл атқарады.
      Бұдан басқа, жер учаскелерімен алыпсатарлық жасау мүмкіндігін болдырмау мақсатында индустриялық аймақтың дирекциясы мен жеке және заңды тұлғалардың арасында шарт жасасқан кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін индустриалық аймаққа қатысушының жер учаскесін сатып алу құқығын көздейтін норманы көздеген орынды.

  5. Индустриялық аймақтарды құрудың кезеңдері

      Индустриялық аймақтарды құру процесін мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
      жобаға бастамашылық жасау;
      жер учаскесін айқындау;
      аймақтың жұмыс істеу тұжырымдамасын, инвестициялық жобаларды, ұйымдастыру құрылымын іріктеу өлшемдерін әзірлеу;
      қаржыландыру туралы мәселені шешу;
      дирекцияны құру;
      инфрақұрылым құрылысының ТЭН мен ЖСҚ-сын әзірлеу;
      инфрақұрылымды салу;
      инвесторларды тарту;
      аймақтардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      ілеспе қызметтерді (логистика, тамақтандыру, консалтинг және т.б.) ұйымдастыру.
      Келтірілген индустриялық аймақтарды құруды кезеңдерге бөлу шартты сипатта екендігін және нақты жағдайларға қарай өзгеруі мүмкіндігін атап өткен жөн.

  6. Индустриялық аймақтардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету

      Тұрақты жұмыс істеу кезеңінде, әдетте, индустриялық аймақтар қосымша қаражатты талап етпейді және жер учаскелерін, кеңсе және қойма үй-жайларын жалға беру, өзге де ілеспе қызметтер көрсетуден түсетін қаражат есебінен ұсталады.
      Осылайша индустриялық аймақ менеджментінің негізгі міндеті:
      меншік пен инфрақұрылымды қолдауға;
      мүмкіндігінше аймақтарды өндірістермен барынша толтыруға және қатысушылармен тиісті шарттарды жасауға;
      қатысушыларды коммуналдық және ілеспе қызметтермен қамтамасыз етуге;
      жалға беруден түсетін кірістерді басқаруға және аймақты одан әрі дамытуға бағытталған рентабельді коммерциялық қызмет болып табылады.

  7. Қорытынды ережелер

      Осы Тұжырымдама салалардың, өңірлердің, сондай-ақ шағын және орта бизнестің дамуын экономикалық ынталандыру құралы ретінде индустриялық аймақтарды ұйымдастыруды неғұрлым кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.
      Тұтастай алғанда, индустриялық аймақтарды құру жаңа өндірістердің инфрақұрылымын құру мен дамыту жөніндегі шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
      Оның қатысушыларының экономикалық тиімділігін арттыру үшін индустриалық аймақтың аумағына өзара байланысты өндірістерді шоғырландыру.
      Индустриялық аймақтарды ұйымдастыру заңды бизнесті, кәсіпкерлікті дамытуға арналған экономикалық және ұйымдастыру жағдайын дамытуға мүмкіндік береді.

О Концепции создания индустриальных зон

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2006 года N 1098. Утратило силу - постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2007 года N 1294.

       Сноска. Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2006 года N 1098 утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2007 года  N 1294 .

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Одобрить прилагаемую Концепцию создания индустриальных зон.

      2. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на Министерство индустрии и торговли Республики Казахстан.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
   Республики Казахстан

Проект

  Концепция создания индустриальных зон

  Введение

      Настоящая Концепция создания индустриальных зон (далее - Концепция) разработана в соответствии с пунктом 8 Сетевого графика исполнения Общенационального плана мероприятий по реализации Послания Президента Республики Казахстан народу Казахстана от 1 марта 2006 года и Программы Правительства Республики Казахстан на 2006-2008 годы, утвержденного  постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2006 года N 222.
      В данной Концепции обозначено перспективное видение создания и функционирования индустриальных зон.
      Принятие Концепции необходимо для обеспечения оптимальных условий нормального развития экономических отношений, складывающихся в республике на современном этапе, более эффективного использования модели индустриальных зон в целях диверсификации экономики страны и решения социальных вопросов.

  1. Анализ современного состояния создания
индустриальных зон

      Одним из перспективных инструментов государственного стимулирования реального производства является создание индустриальных зон.
      Индустриальные зоны начали появляться более 100 лет назад в Великобритании и США. Широкое распространение индустриальные зоны получили после 2-ой мировой войны в Западной Европе. В настоящее время в мире существует более 20000 индустриальных зон. При этом можно отметить тот факт, что в азиатских странах основной целью создания зон чаще всего является ускоренное экономическое развитие страны, в то время как в Европе индустриальные зоны выступают в качестве инструмента структурных преобразований индустрии.
      Данный механизм в настоящее время апробируется в рамках реализации Казахстанской кластерной инициативы в городе Астане, где создается индустриальная зона "Строительные материалы" и в Карагандинской области, где создается индустриальная зона "Металлургия-металлообработка".
      В  Законе Республики Казахстан от 31 января 2006 года "О частном предпринимательстве" дано понятие индустриальных зон, определены их цели и задачи. Однако в действующем законодательстве не рассматриваются вопросы организации и непосредственного функционирования индустриальных зон.

  2. Цель и задачи Концепции

      Целью Концепции является создание предпосылок для организации индустриальных зон с привлечением отечественных и иностранных инвесторов для содействия ускоренному развитию частного предпринимательства в сфере промышленности.
      Для достижения данной цели необходимо решить следующие задачи:
      раскрытие понятия индустриальной зоны (применительно к условиям Казахстана);
      определение на основе имеющегося международного опыта рекомендуемых условий (критериев) создания и функционирования индустриальных зон;
      определение этапов организации индустриальных зон.

  3. Понятия индустриальных зон

      Под индустриальными зонами понимается земля несельскохозяйственного назначения, обеспеченная коммуникациями, предоставляемая государством субъектам частного предпринимательства для размещения и эксплуатации объектов промышленности в порядке, установленном  Земельным кодексом Республики Казахстан и иными законодательными актами Республики Казахстан.
      Земельные участки должны находиться на момент создания в государственной собственности и быть обеспечены достаточными инфраструктурными ресурсами за счет бюджетных средств, а также иных источников, не запрещенных законодательством.
      При этом, под инфраструктурными ресурсами понимается комплекс сооружений, обеспечивающий потребности всех участников индустриальной зоны в тепловой и электрической энергии, водоснабжении, канализации, транспортных коммуникациях, услугах связи и иных видах услуг, необходимых для осуществления предпринимательской деятельности.
      Помимо обеспеченности инфраструктурными ресурсами индустриальные зоны должны стать привлекательными для отечественных и иностранных инвесторов благодаря наличию следующих характеристик:
      благоприятные условия для работы и проживания;
      снижение затрат на коммунальные услуги и электроэнергию;
      расположение рядом с магистральными транспортными сетями или хабами;
      наличие необходимых мощностей;
      возможность кооперации с другими профильными предприятиями;
      профессиональное управление зоной.
      Специализация каждой индустриальной зоны определяется в соответствии с целями организации зон:
      1. Развитие определенных отраслей промышленности.
      2. Развитие определенных регионов.
      3. Развитие малого и среднего бизнеса.

  4. Рекомендуемые условия создания и функционирования
индустриальных зон

        Исходя из имеющегося зарубежного опыта, можно рекомендовать следующие условия эффективного функционирования индустриальных зон:
      размер участка - не менее 30 га;
      расстояние до магистральных коммуникаций - не более 20 км;
      расположение на основных транспортных направлениях;
      развитая и достаточная инженерная инфраструктура;
      наличие достаточного количества офисных и складских помещений, решенность вопросов социально-бытового характера;
      наличие достаточного количества рабочих кадров.
      При этом, на территории зон желательно предусмотреть строительство объектов инженерной инфраструктуры (линии электропередачи и тепло-водоснабжения, канализации, связи), автомобильных дорог и железнодорожных подъездных путей, транспортно-логистического центра, офисных и складских помещений (для сдачи в аренду участникам индустриальной зоны), пунктов питания, бытового обслуживания, общежития и гостиницы, профессионально-технических учебных заведений.
      Также немаловажную роль в эффективности функционирования индустриальных зон играет система отбора инвестиционных проектов для реализации их на территории индустриальных зон, а также оперативность и простота процедуры заключения договоров для ведения деятельности на территории индустриальной зоны.
      Кроме того, в целях исключения возможности спекуляции земельными участками при заключении договора между дирекцией индустриальной зоны и физическими и юридическими лицами целесообразно предусмотреть норму, предусматривающую право выкупа участником индустриальной зоны земельного участка после введения в эксплуатацию промышленного производства в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

  5. Этапы создания индустриальных зон

      Процесс создания индустриальных зон можно разделить на следующие этапы:
      инициирование проекта;
      определение земельного участка;
      разработка концепции функционирования зоны, критериев отбора инвестиционных проектов, организационной структуры;
      решение вопроса о финансировании;
      создание дирекции;
      разработка ТO и ПСД строительства инфраструктуры;
      строительство инфраструктуры;
      привлечение инвесторов;
      организация информационного обеспечения деятельности зоны;
      организация сопутствующих услуг (логистика, питание, консалтинг и т.п.).
      Следует отметить, что приведенное деление создания индустриальной зоны на этапы носит условный характер и может изменяться в зависимости от конкретных обстоятельств.

  6. Обеспечение функционирования индустриальных зон

      В период стабильного функционирования, как правило, индустриальные зоны не требуют дополнительных средств и содержатся за счет средств от аренды земельных участков, офисных и складских помещений, оказания иных сопутствующих услуг.
      Таким образом, основной задачей менеджмента индустриальной зоны является рентабельная коммерческая деятельность, направленная на:
      поддержку собственности и инфраструктуры;
      по возможности максимальное наполнение зоны производствами и заключение с участниками соответствующих договоров;
      обеспечение коммунальными и сопутствующими услугами участников;
      управление доходами от аренды и дальнейшее развитие зоны.

  7. Заключительные положения

      Данная Концепция позволит более широко использовать организацию индустриальных зон и качестве инструмента экономического стимулирования развития отраслей, регионов, а также малого и среднего бизнеса.
      В целом, создание индустриальных зон позволит оптимизировать затраты по созданию и развитию инфраструктуры новых производств.
      Концентрация взаимосвязанных производств на территории индустриальной зоны для повышения экономической эффективности ее участников.
      Организация индустриальных зон позволит развивать легальный бизнес, экономические и организационные условия для развития предпринимательства.