Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды (арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, технопарктер, бизнес-инкубаторлар) қалыптастыру және дамыту тұжырымдамасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1294 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды (арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, технопарктер, бизнес-инкубаторлар) қалыптастыру және дамыту тұжырымдамасы мақұлдансын.

      2. "Индустриялық аймақтар құру тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 қарашадағы N 1098 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 42, 463-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2007 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1294 қаулысымен    
мақұлдансын       

  Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды
(арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, технопарктер, және бизнес-инкубаторлар) қалыптастыру және дамыту
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ Астана, 2007 жыл

МАЗМҰНЫ

       1.  Кіріспе
       2.  Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
       3.  Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтері
       4.  Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның қазіргі заманғы
      жай-күйін талдау
       4.1. Әлемдік тәжірибе
       4.2. Арнайы экономикалық аймақтардың, индустриялдық
      аймақтардың, технопарктердің, бизнес-инкубаторлардың жай-күйі
      және олардың негізгі жүйелік проблемалары
       5.  Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды одан әрі дамыту
       5.1. Арнайы экономикалық аймақтар
       5.2. Индустриялық аймақтар
       5.3. Технопарктер
       5.4. Бизнес-инкубаторлары
       6.  Мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктерін қолдану
       7.  Күтілетін нәтижелер

  1. Кіріспе

      Қазақстанның алдында әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің санына кірудің маңызды міндеті тұр. Осы міндетті іске асырудың табысы отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілетін арттыруға, экспорттық әлеуетін толық ашуға және елдің географиялық орналасуын барынша тиімді пайдалануға тікелей байланысты.
      Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды құру кәсіпорындарды, бірінші кезекте шағын және орта бизнес субъектілерін дамытуды ынталандырудың пәрменді тетіктерінің бірі болып табылады. Ол инвестициялардың ағыны, технологиялар трансферті, басқару дағдыларын жетілдіру үшін "терезе" болып табылады. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру шеңберінде жеке сектор үшін мемлекет жасайтын жағдай ұйымдарға инфрақұрылымдық ресурстарды тартуға, өз шығыстарын елеулі қысқартуға, ал арнайы экономикалық аймақтар жағдайында жеңілдік салықтық жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
      Осы Тұжырымдамада индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамытуды жеделдетуге жәрдемдесетін индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту жөніндегі мемлекеттік-жеке әріптестіктің схемасы ұсынылған.
      Осы Тұжырымдаманы қабылдау өңірлерді және тұтастай алғанда, ел экономикасын дамытудың стратегиялық міндеттерін шешуге, сондай-ақ, шикізаттық бағыттылықтан кетуге мүмкіндік береді.

  2. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері

      Бизнестің инвестициялық және инновациялық-кәсіпкерлік белсенділігін арттыру осы Тұжырымдаманың мақсаты болып табылады.
      Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
      1) арнайы экономикалық аймақтарды, индустриялық аймақтарды, технопарктер мен бизнес-инкубаторларды құруға мемлекеттік жүйелік тәсілдерді әзірлеу;
      2) мемлекеттік-жеке әріптестікті қоса, арнайы экономикалық аймақтарды, индустриялық аймақтарды, технопарктер мен бизнес-инкубаторларды салуды және дамытуды қаржыландыру тетіктері мен іске асыру кестесін әзірлеу.

  3. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтері

      Қазіргі күні, мыналар Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның негізгі элементтері болып табылады:
      1) арнайы экономикалық аймақ (бұдан әрі - АЭА) - қызметтің басымды түрлерін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасалатын дәл белгіленген шекаралармен Қазақстан Республикасының шектелген аумағы;
      2) индустриялық аймақ (бұдан әрі - ИА) - Қазақстан Республикасының Жер кодексімен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен белгіленген тәртіппен өнеркәсіптік объектілерді орналастыру және пайдалану үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерге мемлекет ұсынатын, коммуникациялармен қамтамасыз етілген, ауыл шаруашылығындағы емес мақсаттағы жер;
      3) технологиялық парк (бұдан әрі - технопарк) - негізгі қызметі инновациялық жобаны іске асыру үшін қажетті жұмыстар мен қызметтерді ұсыну болып табылатын бірыңғай материалдық-техникалық кешен меншігінің құқығына ие заңды тұлға немесе консорциум;
      4) бизнес-инкубаторлар - өндірістік үй-жайларды, жабдықты, ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық, консалтингтік және ақпараттық қызметтерді ұсыну жолымен олардың қалыптасу кезеңінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін құрылатын заңды тұлға.

  4. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның қазіргі
заманғы жай-күйін талдау

  4.1. Әлемдік тәжірибе

      Әлемдік экономиканы дамытудың қазіргі заманғы кезеңінде шаруашылық практикасында арнайы экономикалық аймақтар кең таралған - шаруашылық жүргізудің арнайы экономикалық-құқықтық жеңілдік режимімен әртүрлі елдердегі оқшау аймақтар. Экономиканы ырықтандыруға және әлемдік экономикалық қатынастардың жаһандануы үрдістеріне байланысты арнайы экономикалық аймақтарды құру идеясы Таяу Шығыстың араб елдерінде, Солтүстік Африка мен посткеңестік елдерде соғұрлым көп таралуда. Бұл жай кездейсоқтық емес, өйткені географиялық жағдай Азия, Еуропа және Африка арасында оларға көпір болуға мүмкіндік береді, ал стратегиялық жағдай халықаралық саудадағы мәнін айқындайды.
      Сыртқы экономикалық қызметтің әлемдік тәжірибесінде әртүрлі аймақтардың үлгілері бар, ал оларды құру идеясы түп тамыры терең тарихқа кетеді.
      АЭА құру және қалыптасуы ырықтандыруға және белсенді сыртқы экономикалық қызметке бағытталған. Мұндай аймақтар экономикасы әлемдік нарықта ашықтықтың жоғары деңгейін көрсетеді, ал кедендік және салықтық режимдер ұлттық және шетелдік инвестициялар үшін қолайлы.
      Әлемдік нарыққа ашықтық миллиардтаған инвестициялары барлық құрлықтарға салынатын трансұлттық компанияларды АЭА үшін тартымды етеді. Өз коммерциялық қызметі үшін қолайлы жағдайларды іздестіруде халықаралық корпорациялар АЭА-ны өз экспанциясының маңызды бағыттарын байланыстыратын неғұрлым пайдалы экономикалық құрылым ретінде қарастырады.
      АЭА өз дамуының ұзақ тарихи жолында еркін экономикалық аймақтардың тұтастай жүйелерін құрған посткеңестік елдерді де айналып өткен жоқ.
      Алайда, осы құрылымдардың мәнін ашатын айқындама жақында ғана пайда болды. Ол 1973 жылдың көктемінде тауарлар ұлттық кеден аумағының шегінен тысқары орналасқан объектілер ретінде қарастырылатын және сондықтан, міндетті кеден бақылауы мен салық салынуына жатпайтын тауарларға ел аумағының бөлігі түсінілетін, Киото конвенциясында айтылатын "Еркін экономикалық аймақ ретінде" алғаш рет ресми жарияланды. Өзгеше айтқанда, "кеден эксаумақтығы" қағидаты сақталатын аумақ.
      Осындай жолмен, АЭА - бұл осы мемлекет үшін жалпы қабылданған шаруашылық қызметінің режимімен салыстырғанда олардың саяси орталықтары неғұрлым жеңілдіктерді беретін географиялық аумақ. Өзгеше айтқанда, олар экономикалық процестерге мемлекеттің қол сұғушылығын іріктеп қысқарту жүзеге асырылатын, осы мемлекеттің басқа аумақтарында пайдаланылмайтын, жеңілдіктердің белгілі бір жүйесі қолданылатын ұлттық экономикалық кеңістігінің оқшауланған бөлігін құрайтын анклавты білдіреді. Жаңа технологиялар негізіндегі жеңілдіктер мен ынталандырулардың мұндай жүйесі жоғары сапалы өнім өндірісін шығаруды қамтамасыз етуге, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық деңгейін арттыруға қабілетті экономиканың басымды салаларын құруға мүмкіндік береді.

       АҚШ
      Автомобиль саласының жедел қалыптасуымен және дамуымен байланысты 1934 жылы АҚШ-та сыртқы сауда аймақтары құрылды. Қазіргі уақытта олар, осы елде, бірақ іс жүзінде кеден аумағынан тыс орналасқан. Америка экономикасында кәсіпкерлік аймақтар мен технологиялық парктер ретінде осындай құрылымдар да жұмыс істейді, олар ішкі өңірлік дамумен байланысты, депрессиялық аудандарда шағын және орта бизнесті тірілтуге бағытталған.
      Аймақтық құрылымдарды көп жылғы дайындау, олардың тиімді жұмыс істеуі америка экономикасында, көптеген проблемаларды шешуге, атап айтқанда, жекелеген өңірлердің қалып қоюын еңсеруге, экономикалық әлеуметті теңестіруге мүмкіндік берді. Жетекші аймақтардың арасында есептеу техника құралдары мен компьютерлердің әлемдік көлемінің 20 % астамы шығарылатын "Сликон аңғары" мәлім.

       Оңтүстік Корея
      1970 жылдың 1 қаңтарында Оңтүстік Корея әлемдегі алғашқы елдердің бірі болып арнайы экономикалық аймақты құру туралы заң қабылдады. Шетелдік инвестицияларды тарту, экспорттың ұлғаюын көтермелеу, жұмыспен қамтамасыз етудің өсуі, өнеркәсіптік технологияларды жетілдіру және қорытындысында, елдің экономикалық дамуын жеделдету мақсатымен осы заң шеңберінде "азия кереметі" көшбасшыларының біріне айналған Оңтүстік Кореяның жағалау аудандарында АЭА құрылды.

       Қытай
      90 жылдары экономикалық өсудің қарқыны бойынша Қытай әлемдік көшбасшыға айналды, қазіргі күні онда 6 ерекше экономикалық аймақтар АЭА 1980 жылдың өзінде жеңілдіктер алды. Бұдан өзге, Қытайдың 14 қаласы ашық теңіз жағалауы мәртебесін алды. Дәл осы Қытайдың шығыс аумақтарының теңіз жағалауы факторы осы өңірлерге елдің экономикалық дамуының көшбасшыларына шығуына мүмкіндік берді.
      ҚХР-да барлығы 32 техникалық-экономикалық дамудың аймақтары құрылған, олар мәртебесі бойынша АЭА-ға жақын. Қазіргі уақытта, осы экономикалық құрылымдардың аумағында шетелдік капиталды тарта отырып, жаңа технологиялар әзірленетін технопарктер орналасқан, экспортқа бағытталған өндіріс жұмыс істейді, сауда кәсіпорындары белсенді жұмыс істейді.
      АЭА аша отырып, Қытай Үкіметі алға қойған негізгі мақсат - шетелдік капиталды, технологиялар мен менеджментті тарту. Бұл үшін АЭА-да бизнесті жүргізу үшін барынша қолайлы жағдай жасалған. Жоғарыда аталған аймақ аумақтарында, ел бойынша орташа алғанда, жұмыспен қамту, жұмысшылар мен қызметшілердің тұрмыс деңгейі мен біліктілігі өсуде.

       Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай)
      Біріккен Араб Әмірліктерінде жеті әмірліктің әрбірі бір немесе бірнеше еркін экономикалық аймақтарға ие, онда шетелдік инвесторлар үшін жеңілдік жағдай ұсынылады және 5 мыңнан астам компаниялар жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ең ірісі және әлемдегі көлемі бойынша үшінші орын алатыны Дубай әмірлігіндегі Джебел Әли АЭА болып табылады. Бұдан өзге, осы АЭА осындай аймақтарды дамытудың неғұрлым сәтті үлгілері болып табылады.
      Джебел Әли (Jebel Ali Free Zone) еркін экономикалық аймағы әлемнің ең үздік порттарының ондығына кіреді. Ол 100 мың шаршы метр аумағында құрылған және портты, кеденді және еркін аймақтың өзін қамтиды.
      Әлемдік практика көрсететіндей, АЭА-ны құру - жекелеген аумақтар мен өңірлердің экономикасын дамытуға бағытталған пәрменді бағыт.

       Технопарктер
      Еуропадағы және АҚШ-тағы ғылыми парктердің жедел дамуы 1980 жылдары басталды. Ғылыми парктің ұжымдық қызметтерді пайдаланатын шағын және орта кәсіпорындарын қалыптастыруға жәрдемдесетін ерекшеліктердің бірі болып табылатын онда шағын фирмаларды орналастыруға арналған ғимараты бар үшін.
      Ғылыми парк идеясы елдің аумағынан тысқары шықты. Ғылыми парктер Бразилияда, Үндістанда, Малайзияда, ал қазіргі күні бұрынғы "Шығыс блогының" елдері - Шығыс Еуропада, ТМД-да және Қытайда құрыла бастады. Қазіргі күні, әлемде шамамен 400 ғылыми парктер жұмыс істейді. Көптеген басқа парктер құрылу сатысында тұр.
      Бірнеше технопарктерді құрумен байланысты теріс құбылыстар оң нәтиже бермеген нашар дамыған аумақтарда орналасқан Жапонияда байқалды.
      Әлемдік статистиканың деректері бойынша 700 жұмыс істеп тұрған аймақтардан шамамен 30 ғана тиімді жұмыс істейді. Үкімет мемлекеттік субсидиялар мен демеу қаржыларды, кепілдіктер мен төмен пайызды қарыздарды пайдалана отырып, бизнестің бағытын және перспективалық кәсіпорындарды ынталандыратын мемлекеттерде ғана қамтамасыз етіледі.

  4.2. Арнайы экономикалық аймақтардың, индустриялдық аймақтардың, технопарктердің, бизнес-инкубаторлардың жай-күйі және олардың негізгі жүйелік проблемалары

       Арнайы экономикалық аймақтар және индустриялық аймақтар.
      Мұндай аймақтық құрылымдар Қазақстан Республикасында бұрын да құрылған, алайда, құқықтық және ұйымдастырушылық тетіктің дамымаушылығы, қаржылық, салықтық және басқа да мәселелерді шешуде дербестіктің болмауы қойылған мақсаттарға жетуге мүмкіндік бермеді. Сонымен бірге, олардың кейбіреуінің жұмыс істеуі, мысалы, Лисаков АЭА (Қостанай облысы) "кішкентай экономикалық керемет", "ғажайып аралы" деп аталып, өнеркәсіпте және саудада жоғары нәтижелерді қамтамасыз етті. Жеңіл және тамақ өнеркәсібінде ондаған жаңа кәсіпорындар құрылды, шағын және орта бизнес күшейді. Бірақ осы жағдайдың өзінде, "бір кәсіпорын қаласы" ретіндегі түсінігі сақталды, алайда, жаңа өндірістерді іске қосудың табысты тырысушылықтары да болды. Сарапшылардың айтуынша, 1999 жылы барлық аймақтық құрылымдардың жабылуы қаржы қаражаттарын тиімсіз пайдаланумен байланысты.
      Қазіргі уақытта, қазақстанда 4 арнайы экономикалық аймақтар жұмыс істейді - "Астана - жаңа қала" АЭА, "Ақпараттық технологиялар паркі" АЭА, "Ақтау - теңіз порты" АЭА және "Оңтүстік" АЭА және 2 индустриялық аймақтар Астанада - "Құрылыс материалдары" және Қарағанды облысында "Индустриялық парк" құрылған. Осы аймақтарды құру мен дамытудың тәжірибесі көрсететіндей, негізгі проблема инфрақұрылымдық құрылыстар мен жер бөлудің жеткіліксіздігіне байланысты. Бұл аймақты салу және оны іс жүзінде іске қосу туралы қабылданған шешім арасында уақытты ұлғаютуға алып келетін қолданыстағы бюджет заңнамасының күшінде мемлекеттік бюджеттен жеткілікті қаражатты дер кезінде бөлмеуден туындайды.
      Мысалы, "Оңтүстік" АЭА-ны алсақ, осы арнайы экономикалық режимге есептелген 10 жылдың 2 жылы инфрақұрылым құрылысына кетті. Әлі күнге дейін инфрақұрылым құрылысы аяқталған жоқ. Инвесторларды тарту мен аймақты толтыру, тікелей өндірісті салу процесі әлі де белгілі бір уақыт алады, бұл жеңілдікті салық салудың жарамдылық мерзімінің нақты қысқаруына алып келеді.
      Осы мәселе АЭА және ИА қызметінің экономикалық тұжырымдамасының өміршеңдігіне елеулі әсер етеді.
      Соңғы уақытта, әртүрлі аймақтар мен парктер іс жүзінде республиканың барлық өңірлерінде құрылуда. Бұл оларды жан-жақты зерттеуді, шетелдегі ұқсас аймақтарды тәжірибесін зерделеуді талап етеді.

       Технопарктер мен бизнес-инкубаторлар
      Қазіргі күні, Қазақстан Республикасында үш өңірлік технопарк құрылған: "Алгоритм" ЖШС, "UniscienTech" ЖШС және "Алматылық өңірлік технопарк" ЖШС.
      Қазақстандағы технопарктерді дамытудың негізгі проблемаларының бірі технопарктердің міндеттері мен функцияларын бірыңғай және нақты түсініктерінің болмауы болып табылады.
      Технопарктердің мәнін нақты түсінбестен, олардың тұрақты дамуына дұрыс тәсілді әзірлеу мүмкін емес, технопарктер жанынан экономиканың нақты секторынан алыстатылған кезекті таратылмайтын ғылыми зерттеу ұйымдарын құру қатері туындайды.
      Инновациялық жобалардың бастамашылары - технопарктердің әлеуметті клиенттерінің төлем қабілеті деңгейінің төмендігі операциялық шығыстарды жабу үшін жеткілікті кіріс бөлігін қалыптастыруға мүмкіндік бермейді.
      Осы мәселе технопарктер индустриялық-инновациялық дамудың басты буындарының бірі болып табылатындығымен байланысты айрықша көкейкестікке ие және инновациялық қызметтің субъектілерімен тікелей іс-қимыл жасайды.
      Олай болмаған жағдайда технопарктерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру мәселелерін шешуде жүйеліліктің жоқ болуы осы идеяны беделін түсіруге алып келуі мүмкін.
      Өнеркәсіптік секторда шағын және орта кәсіпорындарды дамыту жөніндегі бизнес-инкубаторлардың тиімсіз қызметі факторларының бірі өндірістік үй-жайлардың, қызметтің негізгі емес түрлерінің персоналдарын ұстап тұруға ақталмаған шығыстардың жоқ болуы, жеке қаражаттардың, сондай-ақ инновациялық өндірісті құруға арналған кредиттік ресурстардың жоқ болуы болып табылады.
      Аталған жүйелік проблемаларды шешу мемлекеттік қолдау көрсетусіз және оларды ынталандыру бойынша жағдайлар жасау бүгінгі күні орындалмайтын нәрсе.

  5. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды одан әрі дамыту

  5.1. Арнайы экономикалық аймақтар

       Жалпы саясат
      Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамытуға жүйелілікті беру үшін ИА мен АЭА құру және дамыту саласындағы халықаралық консалтингтік компанияларды тарта отырып, аумақтық, өндірістік, адами және шикізаттық ресурстарға кешендік зерттеу жүргізу қажет. Осы зерттеулер Қазақстан Республикасында аймақтарды ұйымдастырудың перспективалық жоспарын әзірлеуге бағытталатын болады, негіздемесіне олардың саны, оларды құрудың өлшемдері мен оларды орналастыру өңірлеріне қатысты ұсынымдарды әзірлеу қажет.
      АЭА құру мынадай қағидаттарға сәйкес келуі тиіс:
      әлемдік нарықтың жаһандық жүйесіне кіру;
      осы өңірлерде АЭА құру мен орналастырудың орындылығы;
      қаржылық, өндірістік және еңбек ресурстарын орынды салу;
      мемлекеттік-жеке серіктестіктің тәуекелдерін бөлу.
      АЭА-ны құруға мемлекеттік тәсілдерді жүйелендірудің жоқ болуы бюджет қаражаттарын тиімсіз шығыстауға, Қазақстанның салықтық жүйесінің тұтастығын жоғалтуға, экономиканың жеңілдік жасалатын және жеңілдік жасалмайтын салаларының тепе-теңдігін тереңдетуге, жер нарығында қулықтарға және басқа да теріс салдарларға алып келуі мүмкін.
      Сондықтан тұтастай алғанда АЭА құру туралы шешім дамуы нақты салықтық жеңілдіктерсіз тиімсіз болып табылатын негізгі де, көмекші де өндірістер мен қызметтердің дамуын талап ететін қағидатты жаңа капиталды қажетсінетін және жоғары технологиялы салалар мен өндірістерді дамыту қажеттілігінен әкімшілікпен ұсынылған болуы тиіс.
      Осылайша АЭА құру өлшемдеріне мыналарды жатқызуға болады:
      1) салалық дамудың барынша жоғары деңгейіне көшуді қамтамасыз ететін өндірілетін өнімнің қосылған құнына өндірістік шынжырды дамыту және/немесе күшейту;
      2) транзиттік әлеуетті дамыту үшін елдің артықшылықты географиялық орналасуын пайдалану;
      3) АЭА-ның серік болатын және қосымша өндірістердің нақты өсуін қамтамасыз ететін перспективалық жобаларды іске асыруға инвестицияларды тартуға бағыттылығы;
      4) жаңа отандық немесе шетелдік технологияларды пайдалана отырып, өндірістерді құру;
      5) АЭА жұмыс істетуді аяқтағаннан кейін еңбек өнімділігін, аймақты дамытудың перспективтілігін арттыру есебінен оны АЭА орналастыру өңірінде халық табысын өсіруді қамтамасыз етуге қабілетті өндірістерді құру.

       Жүйелік тәсілдің болжамды тетігі
      2007 жылғы 6 шілдедегі "Арнайы экономикалық аймақтар туралы" жаңа заңға сәйкес құрылған АЭА әлі құрылған жоқ. Жүйелік тәсілді әзірлеу үшін АЭА құрудың бастамасы сараптамалық кеңестің ұсынысы негізінде уәкілетті орган енгізілді. АЭА құру туралы шешімді Үкіметтің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті қабылдайды. АЭА мемлекеттің қызығушылығын танытатын әкімшілік басқарады. АЭА дамыту үшін конкурс негізінде аймақтың бизнес-жобалармен толтыруға жауапты болатын оператор - компания тартылады.
      Алдын құрылған АЭА оларды тарату туралы шешім қабылданғанға дейін олар өз статусын сақтайды.

  5.2. Индустриялық аймақтар

       Жалпы саясат
      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында индустриялық аймақ құру жөніндегі біртұтас жүйелік саясат жүргізілмейді. Индустриялық аймақтарды басқару және оларға жерді бөлу мәселелері реттелмеген.
      Индустриялық аймақтарды ұйымдастыру бөлігіндегі бірыңғай мемлекеттік саясат мыналарға негізделген болуы тиіс:
      индустриялық аймақтарды құрудың нақты өлшемдерін әзірлеу және бекіту;
      өңірлер мен бизнестің мүмкіндіктеріне бекіте отырып, өнеркәсіптің әртараптандыру кезеңдерін стратегиялық жүргізу негізінде индустриялық аймақтарды орналастырудың перспективті жоспарын әзірлеу;
      мемлекеттік басқарудың кешендік жүйесін индустриялық аймақтарды құрудың процесіне бекіту;
      инфрақұрылымның құрылысын қаржыландыру көздерін және оларға меншіктерді регламенттеу мәселелерін айқындау;
      аймақтар аумағында өндірістерді ұйымдастырудың, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде тұтастай алғанда индустриялық аймақтарды ұйымдастырудың мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу.
      Аталған проблемаларды жою үшін мыналарды жүзеге асыру қажет:
      заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарға талдау жүргізу және енгізу;
      индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын қаржыландыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
      Индустриялық аймақтарды құрудың өлшемдері мыналар:
      өңірлер мен бизнестің мүмкіндіктеріне бекіте отырып, индустриялық аймақтарды орналастырудың және дамытудың стратегиялық жүргізуінің бар болуы (аймақтардың мақсаттарын, міндеттері мен мамандануын, жобаларды іріктеу өлшемдерін сипаттау, аймақтарды басқару т.б.);
      кемінде жетпіс пайызға аймақты толтыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік қатысушылардан өтініштердің бар болуы (ұсынылған инвестициялық жобаларды сипаттай отырып);
      индустриялық аймақтарды құрудың экономикалық орындылығын көрсететін әзірленген технико-экономикалық негіздемелер.

       Жүйелік тәсілдің ұсынылатын тетігі
      Нормативтік құқықтық базаның жоқ болуы индустриялық аймақты құру мен басқарудың ретсіздігіне, сондай-ақ бюджет қаражаттарын тиімсіз пайдалануға алып келді.
      Индустриялық аймақты құру мен басқарудың жүйелік тәсілі үшін мемлекеттің қатысумен индустриялық аймақтарды ұйымдастырудың мынадай қағидаттары ұсынылады.
      индустриялық аймақты құру жергілікті және (немесе) орталық атқарушы органдар, қауымдастықтар және кәсіпкерлер одағы ұсыныстары негізінде құрылады.
      индустриялық аймақты құрған кезде жетекші рөл индустриялық аймақтарды дамыту үшін салалық министрліктерді және кәсіпкерлердің қауымдастықтары мен одақтарын белсенді тартатын жергілікті атқарушы органдарға беріледі.

  5.3. Технопарктер

       Жалпы саясат
      Технопарктердің негізгі мақсаты елдің, әсіресе, оның өңірлерінің инновациялық әлеуетін айқындау, ашу, дамыту, сондай-ақ инновациялық өнімдердегі экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Технопарктерді құру мен одан әрі дамыту ғылымның өндіріспен байланысын нығайту, қазіргі заманғы технологияларды енгізу, өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін арттыру және оның әсерінен жоғары технологиялы және бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру сияқты экономиканың бәсекеге қабілетті өңдеуші секторларын қалыптастырудағы негізгі міндеттерді шешуге арналған.
      Қазақстанда технопарктерді енгізу мен жұмыс істету мынадай ерекшеліктерге ие болатын қазіргі заманғы еуропалық модель бойынша жүзеге асырылатын болады:
      онда шағын кәсіпкерлік субъектілерін орналастыруға арналған ғимараттардың болуы, - бұл ұжымдық қызметтің барлық артықшылықты жүйелерін пайдаланатын жаңа шағын және орта инновациялық кәсіпорындардың үлкен бөлігін қалыптастыруға ықпал етеді;
      инноваторлар үшін қажетті сервистік пакетті (бухгалтерлердің, маркетологтардың және т.б. қызметі) қалыптастыратын ұйымдардан таңдап алынатын қызмет көрсету жүйесі).
      Технопарктерді құру мен дамытудың ағымдағы тұжырымдамасына кейбір өзгерістер енгізген жөн.
      Технопаркті оның аумағына технологиялық бизнес-инкубаторларды, ғылыми және білім беру ұйымдарын міндетті түрде орналастыра отырып, шектеулі аумақ ретінде айқындау барынша орында болып табылады.
      Жергілікті атқарушы органдар технопарктерді құру үшін жер учаскелерін беретін болады және барлық инновациялық қызметке қатысушылардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру арқылы технопаркті басқару үшін оператор компанияны айқындайтын болады.

       Жүйелік тәсілдің ұсынылатын тетігі
      Технопарктердің желісін одан әрі дамытудың шешуші қағидаттары ретінде мыналар:
      технопарктер инфрақұрылымында тәжірибелік-өнеркәсіптік база құру;
      импорттық технологияларды пайдаланумен, инновациялық бизнес-мәдениетті таратумен бірге кәсіпорындарды көбейтуге арналған қызметке екпінді қайта бағдарлау;
      инновациялық процестің барлық кезеңінде ұлттық инновациялық жүйе шеңберінде іс-қимылдың барынша тиімді тетіктерін енгізу;
      технопарктердің өңірлік университеттермен тығыз байланысын орнату ұсынылады.
      Әрбір нақты технопаркке оператор-компания бекітілген болуы тиіс. Өңірдің ғылыми әлеуетін тату үшін ғылыми және білім беру ұйымдарын технопарктердің аумағына көшірген орынды. Бұл ғылыми әлеуетті Ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) барынша белсенді тартуға, инновациялық идеяларды іске асыру мен технологияларды құруды жеделдетуге мүмкіндік береді, жастарды, ғалымдарды тартуға және идеялармен тиімді алмасу үшін орта құруға ықпал ететін болады.
      Өнеркәсіптік аймақ ғылым мен өнеркәсіптің барынша тығыз байланысты болуы үшін ғылыми инфрақұрылымға іргелес орналасуы тиіс.
      Инновациялық процестің барлық кезеңдерінде ұлттық инновациялық жүйе шеңберінде өзара қимылдың неғұрлым тиімді тетіктерін енгізу.
      Өңірлік университеттермен технопарктердің тығыз байланысын қамтамасыз ету.
      Әрбір нақты технопаркке оператор-компания бекітілген болуы тиіс. Өңірдің ғылыми әлеуетін тарту үшін ғылыми және білім беру ұйымдарын технопарктің аумағына көшірген орынды. Бұл ғылыми әлеуетті ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) жұмыстарға барынша белсенді тартуға мүмкіндік береді, жастарды, оқымыстыларды тартуға ықпал ететін және идеялармен тиімді алмасу үшін қолайлы орта құруға ықпал ететін болады.
      Технологиялық бизнес - инкубаторлардың жанынан сараптамалық кеңестер құрылады.
      Сараптамалық кеңес қызметтің мақсаты келіп түскен жобалық ұсыныстарды технологиялық бизнес-инкубаторлардың жағдайларында қызметтерге оларды енудің бастамалықтарына ұсынудың орындылығы мәніне бағалау болып табылады.
      Сараптамалық кеңес:
      инновацияларды әзірлеушілерден, кәсіпкерлерден келіп түсетін өтініштер мен жобалардың алдын ала талдауын жүзеге асырады;
      жаңашылдықты және жобаның техникалық орындаушылығын, құрылатын инновацияның нарықтық тартымдылығын, оның экономикалық орындылығын бағалайды;
      оператор-компанияға технопарктің аумағындағы қызметке жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру жөнінде қорытынды береді.
      Сарапшылық кеңес жобалық ұсыныстарды қарастыруды бағалау мәніне қарай жүзеге асырады:
      жобалық ұсыныстың жаңалық деңгейі;
      инновация үшін нарықтың бар болуы және сыйымдылығы;
      жобалық ұсыныстардың экономикалық өңірлерді және Қазақстан Республикасын дамытудың басым бағыттарына сәйкестігі;
      инновациялық жобаның бастамашы ресурстарының оның күрделілік масштабына және деңгейіне сәйкестігі;
      коммерциялануға жобалық ұсыныстардың дайындық деңгейі.

       Тәуелсіз сарапшыларды тарту
      Тәуелсіз сарапшыларды тарту сараптамасы әр түрлі салада бар сарапшылар туралы ақпаратты қамтитын дерек базаларынан нақты инновациялық жобаның ерекшеліктеріне сай таңдап алынатын мамандармен өткізіледі.
      Сыртқы сараптаманың мақсаты жобалық ұсыныстың техникалық бағалауы, яғни ұсыныстарды бар ұқсастықтармен салыстыру, жобаны іске асыруды талдау, инновациялық жоба бастамашысымен мәлімденетін техникалық сипаттаманы растау болып табылады.
      Тәуелсіз сараптама нақты жобалық ұсыныстар үшін сарапшылар ретінде айқындалған кем дегенде үш маманды технопаркқа орналастыруға нысандандырылған өтінімдерді жіберудің көмегімен ұйымдастырылады.
      Тәуелсіз сарапшыларды тарту, сонымен қатар инновациялық жобаны іске асыруда мүдделі ұйымдар үшін ақылы негізде көрсетілетін технопарктың өздік қызметтері болып табылады.

       Технопарктерді басқару
      Оператор-компанияны жергілікті атқарушы орган айқындайды, инновациялық қызметтің әлеуетті субъектілерін тарту жолымен аумақтық инновациялық ортаны қалыптастырады, технопарктердің аумағында орналасқан жеке сектормен, ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарының арасында технологияларды беру мен ақпараттармен алмасуда көмек көрсетеді.
      Оператор-компанияның құзыреті мыналар:
      Технопаркке технопарк аумағына жіберілген инновациялық қызмет субъектілерінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылын ұйымдастыру арқылы технопаркті басқару;
      инновациялық қызметті қалыптастыру мен дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
      технопарк құрылысының жобасын уәкілетті органмен келісу;
      технопаркті дамытуға қатысу үшін инновациялық қызметтің әлеуетті субъектілерін тарту;
      инфрақұрылымдық ресурстарға пайдаланушылық қызмет көрсетуді;
      технопарк аумағында орналасқан мемлекеттік органдармен қарым-қатынастағы инновациялық қызмет субъектілерінің қызығушылығын білдіру;
      технопарктердің аумағында орналасқан жеке сектормен, ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарының арасында технологияларды беру мен ақпараттармен алмасуда көмек көрсету;
      Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына қарама-қайшы келмейтін өзге де шаруашылық қызметін жүргізу.

       АЭА   режимінде технопарктерді құру
      АЭА режимінде технопарктерді құру жағдайында, АЭА-ның әкімшілігі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі "Арнайы экономикалық аймақтар туралы" заңына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
      Әкімшілік барлық меншіктік кешеннің иесі ретінде шығу тиіс, бірақ бұл ретте ҒЗТКЖ-ны өткізу үшін ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын жергілікті өңірлік басқару университетіне, ал АЭА-ны басқару операцияларын және толықтыру функцияларын арнайы оператор-компаниясына тапсыруды қамтамасыз ету тиіс.
      Осылайша, технопарктерді құру өлшемі:
      1) ҒЗТКЖ және өнеркәсіп аймағындағы ғылыми-зерттеу инфрақұрылымның кешенінің бар болуы;
      2) көбейтілген өндірістер үшін тәжірибелі-өнеркәсіптік негіздің бар болуы;
      3) технопаркті ғылыми инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде ЖОО-ның қатысуы;
      4) технологияларды тасымалдау және коммерциялау арқылы жаңа бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған тауар, жұмыс және қызметтер өндірістерін құру;
      5) саланы, өңірді және кәсіпкерлікті дамыту есебімен перспективалық болуы тиіс.

  5.4. Бизнес-инкубаторлары

       Жалпы саясат
      Бүгінгі күнгі қолданылатын бизнес-инкубаторлар кәсіпкерлер арасында белсендік және танымалдық танытпай отыр. Негізінде, бұлар үй-жайды жалға алатын, коммуналдық қызметтерді төлейтін және олардың негізгі қызметтері әр түрлі кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының және бизнес-орталықтардың функцияларын қайталайтын офистік үй-жайларды жалға беруге ұсынуға және консультациялық қызметтерді көрсетуге бағытталған ұйымдардың шоғырланған стандартты инфрақұрылымдық қолдау орындары.
      Кәсіпкерлік инфрақұрылымын элементінің бірі болып табылатын, бизнес-инкубаторлар мемлекет, халықаралық және қоғамдық ұйымдар, ірі, оның ішінде жүйе құратын, кәсіпорындар тарапынан басым көңілді және қолдауды қажет етеді, осылайша олардың дамуы бірыңғай жолдар арқылы шешімдерді әзірлеу мүмкін емес.
      Бизнес-инкубаторлардың тиімді жұмыстарының басты көрсеткіші және негізгі өлшемдері нарықта көбірек немесе азырақ тұрақты орынға жеткен және бұдан әрі өздігінен дами алатын деңгейдегі өнеркәсіп сегментіндегі құрылған жаңа шағын кәсіпорындардың саны болуы тиіс.
      Бизнес-инкубаторлардың қызметі бастапқы кәсіпорын-өндірісші ретінде өндірістік үй-жайларды, жабдықтар және ілеспелі қызметтер түрінде, оның ішінде бизнес-жоспарын құрудағы талдамалық және маркетингтік зерттеулер, консалтингтік қызметтер (заң, бухгалтерлік және консультациялардың басқа түрлері) көмегімен кешенді қолдау алу керек.
      Бизнес-инкубаторларының негізгі мақсаты инновациялық жоғары технологиялық өндірістерді, сондай-ақ өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өндіріс орындарын қолдау болып табылады.
      Аумақтардағы бар көптеген бизнес-инкубаторлар индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементінің бірі болып табыла отырып, өз қызметтерін технологиялық парк аумақтарында құрады және жүзеге асырады, өйткені олардың қызметі технологиялық парктердің, индустриялық аймақтардың дамуымен байланысты.
      Бизнес-инкубаторлардың қызметі халықаралық стандарттарды және сертификаттарды енгізу арқылы жоғарғы қосылған бағамен, жұмыспен қамтылған, шағын және орта бизнесті қолдау, өндірістің сапасын жоғарлатумен жаңа өнім өндірістерін құруға жәрдемдесуге бағытталған болуы тиіс.

       Жүйелік тәсілдің ұсынылатын тетігі
      Шағын және орта бизнестегі өнеркәсіп сегменті үшін өңірлік бизнес-инкубаторларды құру бойынша негізгі жұмыстарын жергілікті атқарушы органдарға және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға (бұдан әрі - ӘКК) жүктеу қажет.
      Жергілікті атқарушы органдардың және ӘКК-нің қойған мақсаттарын іске асыру үшін бизнес-инкубаторларын құру саласында мынандай міндеттер қойылатын болады:
      кәсіпкерлік субъектілерін өндірістік үй-жайлармен, жер учаскелерімен қамтамасыз ету;
      шағын және орта кәсіпкерлік объектілерін инвесторлардың қаржылық ресурстарына кіру рұқсатын жеңілдету;
      кәсіпкерлікке консультациялық, заңдық және маркетингтік қызмет көрсету.
      Қойылған мақсатты іске асыруды ұйымдастыру үшін мыналарға бағытталады:
      жергілікті атқарушы органдар, ӘКК, кәсіпкерлер бірлестіктердің оперативті және тиімді қарым қатынасы және олардың арасындағы қайшылықтың болмауы;
      бизнес-инкубаторларды және өндірісті (өндіріс өнімінің статистикасын жүргізу) құрудың барлық процестерінің мониторингін қамтамасыз ету.

  6. Мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктерін қолдану

      Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың, технопарктердің инфрақұрылымдық ресурстар қатарының және құрылыс мерзімдерінің қысқаруы үшін мемлекеттік-жеке әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) әдістері қолданылатын болады.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 шілдедегі "Концессиялар туралы" заңына сәйкес бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында мемлекетті-жеке әріптестік тетігі қолданылуда. Аталған тетік концессионердің объектіні салуды және өзінің шығындарын жабу үшін оны одан әрі пайдалануды қарастырады.
      Сонымен қатар, Шарттың шарттарын орындау нәтижесі бойынша туындаған концессия объектілері, мемлекетке беріледі:
      концессия объектісінің құрылысы аяқталғаннан кейін аталған объектінің концессионердің одан әрі пайдалануы;
      концессия шартында анықталған, мемлекеттік меншік объектісінің пайдалану кезеңі аяқталғаннан кейін.
      Концессия объектісін пайдалану нәтижесінде концессионермен алынған өнім және басқа да табыстар, оның меншігі болып табылады, егер концессия шартында өзге көрсетілмесе.
      Концеденттің алдын ала жазбаша келісімінсіз концессия объектілері кепіл зат бола алмайды және концессия шарты қолдану мерзімі кезеңінде жоюға жатпайды. Сондай-ақ, осы заң шеңберінде мемлекет концессионерге несиелік қаражаттар беру үшін мемлекеттік кепілдіктер бере алады.
      Халықаралық тәжірибеде мемлекеттік-жеке әріптестіктің бірнеше түрлері танымал. МЖӘ тәсілінің перспективті түрінің бірі, мемлекет жеке инвесторды өз қаражаты есебінен инфрақұрылым объектісін салуға жалдайды. Аталған объектіні құрағаннан кейін, инвестор мемлекетке кейіннен сатып алатын ұзақ мерзімді жалға алумен тапсырады, сол уақытта инвестор өз шығындарын өтеу және пайда табу мүмкіндіктерін ала алады. Сонымен катар концессионер инфрақұрылымдық объектісіне жалға алу барысында кепілдеме қызмет көрсету бойынша міндеттемелер алады.
      Аталған тетік мынандай құндылықтарға ие:
      инфрақұрылымдық имараттарды құрудың тез кезеңі:
      инфрақұрылымдық имараттар мемлекеттік меншікте қалады;
      мемлекет түпкілікті тұтыну үшін сапаға, санына және құндылығына бақылау жүргізуді сақтайды;
      қызмет сапасының және жеке әріптестің ауысуда сәйкессіздікке байланысты шарт бұзылуы мүмкін.
      Негізгі жетіспеушілік шартты бұзған банкротқа ұшырауы немесе белгілікті қызмет сапасын қадағаламау жағдайларында жеке әріптестің ауысуы қиыншылықтар туғызуы болып есептеледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы аталған тетік үшін заңнамалық базаның жоқтығы.
      Халықаралық тәжірибеде қолданылатын мемлекеттік-жеке әріптестіктің түрлеріне кешенді талдау жүргізу және заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу қажет.

  7. Күтілетін нәтижелер

      Тұжырымдаманың іс-шараларын іске асыру экономиканың барлық салаларында экономикалық және инновациялық процестерді жандандыруға және мынандай нәтижелерге жеткізетін тиімді инфрақұрылым құрайды:
      индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды қолдану арқылы Қазақстан экономикасының өнеркәсіп секторының жедел дамуынан үлкен тиімді экономикалық әсер алу;
      мемлекеттің экспорттық инновациялық әлеуетін дамыту;
      шағын және орта бизнесте өнеркәсіп өндірістің жалпы көлем үлесінің ұлғаюы;
      шағын және орта бизнесте тиімді өндіріс құру;
      өңірде халықтың қамтылған санының ұлғаюы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады