Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
1-бап.
2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден
кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 42-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақта:
"2 және 3-тармақтарында" деген сөздер "2-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 47-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген кеден органдары тұлғаның (өтініш берушінің) өтініші бойынша тауар туралы барлық қажетті мәліметтер болған кезде тауардың шығарылған елін анықтауға қатысты алдын ала шешім қабылдайды. Тауардың шығарылған елін анықтауға қатысты алдын ала шешімдер артықшылық режимін және артықшылық емес режимді қолданған кезде қабылданады. Көрсетілген мәселелер бойынша алдын ала шешім қабылдаудың тәртібі мен оның нысанын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.";
3) 307-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"307-бап. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің және Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің VII бабын қолдану жөніндегі келісімге (ДСҰ-ның Кедендік бағалау жөніндегі келісімі) Түсіндірме ескертулердің кедендік бағалауының жалпы принциптеріне негізделеді.".