"Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы N 1126 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне
өзгерістер енгізу туралы

       1-бап.  2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден  кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 42-бапта:
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақта:
      "2 және 3-тармақтарында" деген сөздер "2-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 47-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген кеден органдары тұлғаның (өтініш берушінің) өтініші бойынша тауар туралы барлық қажетті мәліметтер болған кезде тауардың шығарылған елін анықтауға қатысты алдын ала шешім қабылдайды. Тауардың шығарылған елін анықтауға қатысты алдын ала шешімдер артықшылық режимін және артықшылық емес режимді қолданған кезде қабылданады. Көрсетілген мәселелер бойынша алдын ала шешім қабылдаудың тәртібі мен оның нысанын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.";
      3) 307-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "307-бап. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау
      Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің және Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің VII бабын қолдану жөніндегі келісімге (ДСҰ-ның Кедендік бағалау жөніндегі келісімі) Түсіндірме ескертулердің кедендік бағалауының жалпы принциптеріне негізделеді.".

       2-бап.  Осы Заң алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений в Таможенный кодекс Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 2006 года N 1126

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений в Таможенный кодекс Республики Казахстан".

      Премьер-Министр
   Республики Казахстан

Проект 

  Закон Республики Казахстан

О внесении изменений в Таможенный кодекс
Республики Казахстан

       Статья 1.  Внести в  Таможенный кодекс  Республики Казахстан от 5 апреля 2003 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., N 7-8, ст. 40; N 15, ст. 139; 2004 г., N 18, ст. 106; 2005 г., N 11, ст. 43) следующие изменения:
      1) в статье 42:
      пункт 3 исключить;
      в пункте 4:
      слова "в пунктах 2 и 3" заменить словами "в пункте 2";
      2) пункт 2 статьи 47 изложить в следующей редакции:
      "2. Таможенные органы, указанные в пункте 1 настоящей статьи, по заявлению лица (заявителя) принимают предварительное решение относительно определения страны происхождения товара при наличии всех необходимых сведений о товаре. Предварительные решения относительно определения страны происхождения товара принимаются при применении преференциального и не преференциального режима. Порядок принятия и форма предварительного решения по указанным вопросам определяются уполномоченным органом по вопросам таможенного дела";
      3) статью 307 изложить в следующей редакции:
      "Статья 307. Определение таможенной стоимости ввозимых товаров
      Таможенная стоимость ввозимых на таможенную территорию Республики Казахстан товаров основывается на общих принципах таможенной оценки Генерального соглашения по тарифам и торговле и Пояснительных примечаний к Соглашению по применению статьи VII Генерального соглашения по тарифам и торговле (Соглашения ВТО по таможенной оценке)".

       Статья 2.  Настоящий закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Президент
 Республики Казахстан