"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Стройастес" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) қызметкерлерiн Алматы қаласынан Астана қаласына көшiру үшiн сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) берушi болып белгiленсiн.
2. Агенттiк заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен Агенттiктiң Алматы қаласынан Астана қаласына көшiрiлетiн қызметкерлерi үшiн саны 93 бiрлiк тұрғын үй-жайды (пәтердi) республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен төлеу жолымен жалпы сомасы 1193876000 (бір миллиард бір жүз тоқсан үш миллион сегіз жүз жетпіс алты мың) теңгеге:
2006 жылы - 229080000 (екi жүз жиырма тоғыз миллион сексен мың) теңге сомасындағы бастапқы жарнаны аванс ретiнде енгiзуге;
2007 жылы - тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) құнын 964796000 (тоғыз жүз алпыс төрт миллион жеті жүз тоқсан алты мың) теңге сомасында түпкiлiктi төлеуге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасассын;
2) осы мақсаттарға бөлiнген республикалық бюджеттiң қаражатын оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ Заңның 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.08.17. N 703 Қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiн Алматы қаласынан Астана қаласына көшiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 18 тамыздағы N 781 қаулысында :
4-тармақ алынып тасталсын;
2) "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысында :
көрсетiлген қаулыға 379-қосымшада :
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы реттiк нөмiрi 6-жолда "Астана қаласына көшiрiлетiн қызметкерлер үшiн жаңа тұрғын үй сатып алу." деген сөздер "Агенттiктiң Алматы қаласынан Астана қаласына көшiрiлетiн қызметкерлерi үшiн саны 56 бiрлiк жаңа тұрғын үй сатып алуға бастапқы жарнаны енгiзу." деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi