Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 желтоқсандағы N 1167 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Стройастес" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) қызметкерлерiн Алматы қаласынан Астана қаласына көшiру үшiн сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) берушi болып белгiленсiн.

      2. Агенттiк заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен Агенттiктiң Алматы қаласынан Астана қаласына көшiрiлетiн қызметкерлерi үшiн саны 93 бiрлiк тұрғын үй-жайды (пәтердi) республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен төлеу жолымен жалпы сомасы 1193876000 (бір миллиард бір жүз тоқсан үш      миллион сегіз жүз жетпіс алты мың) теңгеге:
      2006 жылы - 229080000 (екi жүз жиырма тоғыз миллион сексен мың) теңге сомасындағы бастапқы жарнаны аванс ретiнде енгiзуге; 
      2007 жылы - тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) құнын 964796000 (тоғыз жүз алпыс төрт миллион жеті жүз тоқсан алты мың) теңге сомасында түпкiлiктi төлеуге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасассын;
      2) осы мақсаттарға бөлiнген республикалық бюджеттiң қаражатын оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ Заңның 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.08.17.  N 703 Қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiн Алматы қаласынан Астана қаласына көшiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 18 тамыздағы N 781  қаулысында :
      4-тармақ алынып тасталсын;

      2) "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға  379-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы реттiк нөмiрi 6-жолда "Астана қаласына көшiрiлетiн қызметкерлер үшiн жаңа тұрғын үй сатып алу." деген сөздер "Агенттiктiң Алматы қаласынан Астана қаласына көшiрiлетiн қызметкерлерi үшiн саны 56 бiрлiк жаңа тұрғын үй сатып алуға бастапқы жарнаны енгiзу." деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Некоторые вопросы Агентства Республики Казахстан по статистике

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2006 года N 1167

      В соответствии с  Законом Республики Казахстан от 16 мая 2002 года "О государственных закупках" Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить товарищество с ограниченной ответственностью "Стройастес" поставщиком жилых помещений (квартир), закупка которых имеет важное стратегическое значение для передислокации работников Агентства Республики Казахстан по статистике (далее - Агентство) из города Алматы в город Астану.

      2. Агентству в установленном законодательством порядке:
      1) заключить договор о государственных закупках жилых помещений (квартир) для работников Агентства, передислоцируемых из города Алматы в город Астану, в количестве 93 единиц с юридическим лицом, указанным в пункте 1 настоящего постановления, на общую сумму  1193876000 (один миллиард сто девяносто три миллиона восемьсот семьдесят шесть тысяч) тенге путем оплаты за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете:
      в 2006 году - на внесение первоначального взноса в качестве аванса в сумме 229080000 (двести двадцать девять миллионов восемьдесят тысяч) тенге;
      в 2007 году - на окончательную оплату стоимости жилых помещений (квартир) в сумме 964796000 (девятьсот шестьдесят четыре миллиона семьсот девяносто шесть тысяч) тенге;
      2) обеспечить соблюдение принципа оптимального и эффективного расходования выделенных на эти цели средств республиканского бюджета, а также выполнение пунктов 3, 4 статьи 21 Закона;
      3) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.
       Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 17 августа 2007 г. N  703 .

      3. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения:

      1) в  постановлении Правительства Республики Казахстан от 18 августа 2006 года N 781 "О передислокации Агентства Республики Казахстан по статистике из города Алматы в город Астану":
      пункт 4 исключить.

      2) в  постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 2005 года N 1235 "Об утверждении паспортов республиканских бюджетных программ на 2006 год":
      в  приложении 379 к указанному постановлению:
      в графе 5 таблицы пункта 6 "План мероприятий по реализации бюджетной программы" строки, порядковый номер 6, слова "Приобретение нового жилья для дислоцируемых работников в городе Астане." заменить словами "Внесение первоначального взноса на приобретение нового жилья для работников Агентства, передислоцируемых из города Алматы в город Астану, в количестве 56 единиц.".

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
    Республики Казахcтан