Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 781 және 2006 жылғы 4 желтоқсандағы N 1167 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 тамыздағы N 703 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 781  қаулысында :
      1-тармақтың үшінші абзацындағы "36" деген цифрлар "73" деген
цифрлармен ауыстырылсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің кейбір
мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4
желтоқсанындағы N 1167  қаулысында :
      2-тармақтың 1) тармақшасында:
      бірінші абзацта:
      "56" деген цифрлар "93" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      "641424000 (алты жүз қырық бір миллион төрт жүз жиырма төрт
мың)" деген сөздер "1193876000 (бір миллиард бір жүз тоқсан үш      миллион сегіз жүз жетпіс алты мың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтағы "412344000 (төрт жүз он екі миллион үш жүз қырық төрт мың) деген сөздер "964796000 (тоғыз жүз алпыс төрт миллион жеті жүз тоқсан алты мың)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
         Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады