Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 70-қосымшада :
"6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:" деген кестенiң 5-бағанында:
2-тармақтағы "981920" деген сандар "771862" деген сандармен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "638248" деген сандар "513024" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. 9 Dong 6 Jie, Sanlitun Beijing, 100600, PRС мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасы Пекин қаласындағы Елшiлiгiнiң консулдық бөлiмiн орналастыру үшiн алаңы 300 шаршы метр болатын ғимарат салуға - 23700 мың теңге. Iске асыру мерзiмi - желтоқсан.";
"7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Тiкелей нәтижесi:" деген бөлiмiнде:
"Рим (Италия Республикасы) қаласындағы 1 салынған (жаңғыртылған)" деген сөздерден кейiн "және Пекин қаласында (Қытай Халық Республикасы) 1-салынған" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы