Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 желтоқсандағы N 1291 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235  қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға  70-қосымшада :
      "6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:" деген кестенiң 5-бағанында:
      2-тармақтағы "981920" деген сандар "771862" деген сандармен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "638248" деген сандар "513024" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. 9 Dong 6 Jie, Sanlitun Beijing, 100600, PRС мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасы Пекин қаласындағы Елшiлiгiнiң консулдық бөлiмiн орналастыру үшiн алаңы 300 шаршы метр болатын ғимарат салуға - 23700 мың теңге. Iске асыру мерзiмi - желтоқсан.";
      "7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Тiкелей нәтижесi:" деген бөлiмiнде:
      "Рим (Италия Республикасы) қаласындағы 1 салынған (жаңғыртылған)" деген сөздерден кейiн "және Пекин қаласында (Қытай Халық Республикасы) 1-салынған" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады