Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бойынша:
көрсетiлген қаулыға 187-қосымшада :
2-тармақ "; "Мемлекеттiк активтердi басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 30 маусымдағы N 620 қаулысы" деген сөздермен толықтырылсын;
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанының соңғы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" АҚ-ның және "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ-ның орналастырылатын акцияларына төлеуге берiлетiн мемлекеттiк активтердi, сондай-ақ әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар мен бәсекелi ортаға берiлетiн объектiлердi бағалауды жүргiзуге арналған қызметтердi сатып алу.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі