Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қарашадағы N 470м Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235  қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бойынша:
      көрсетiлген қаулыға  187-қосымшада :
      2-тармақ "; "Мемлекеттiк активтердi басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 30 маусымдағы N 620 қаулысы" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанының соңғы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" АҚ-ның және "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ-ның орналастырылатын акцияларына төлеуге берiлетiн мемлекеттiк активтердi, сондай-ақ әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар мен бәсекелi ортаға берiлетiн объектiлердi бағалауды жүргiзуге арналған қызметтердi сатып алу.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады