Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулыға 175-қосымшада :
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 2-жолдың төртінші абзацы "ақпарат көздеріне жазылу - жыл бойы." деген сөздерден кейін "Жылдың үздік салық төлеушісі" акциясын өткізу жөніндегі іс-шара." деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 3-жолдың соңғы абзацы "Аумақтық органдарға ғимараттар сатып алу." деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетілген қаулыға 188-қосымшада :
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1-жолының 5-бағаны "Жылу сорғыларын сатып алу, жеткізу және орнату." деген сөздермен толықтырылсын;
"Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақтың түпкі нәтижесінде "технологиялық жабдықтарының" деген сөздерден кейін ", оның ішінде кростық үй-жайлардың" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі