Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы N 470р Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулыға 175-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
      реттік нөмірі 2-жолдың төртінші абзацы "ақпарат көздеріне жазылу - жыл бойы." деген сөздерден кейін "Жылдың үздік салық төлеушісі" акциясын өткізу жөніндегі іс-шара." деген сөздермен толықтырылсын;

      реттік нөмірі 3-жолдың соңғы абзацы "Аумақтық органдарға ғимараттар сатып алу." деген сөздермен толықтырылсын;

      2) көрсетілген қаулыға 188-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1-жолының 5-бағаны "Жылу сорғыларын сатып алу, жеткізу және орнату." деген сөздермен толықтырылсын;

      "Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақтың түпкі нәтижесінде "технологиялық жабдықтарының" деген сөздерден кейін ", оның ішінде кростық үй-жайлардың" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады