Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 324-қосымшада :
"Бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесi 5-бағанының 8-тармағы "Астана қаласының су жылыту қазандығын орнатып ЖЭО-2 кеңейту және қайта жаңарту" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде төленетiн аванс сомасына жабдықтарды жеткiзу жөнiндегi шарттық мiндеттемелердi уақтылы орындауға екiншi деңгейдегi банктiң кепiлдiгiн мердiгер ұйымның ұсыну шарты кезiнде оның құнының елу пайызынан аспайтын мөлшерде қосалқы жабдықтармен КB-T-139,6-150 типтi су жылыту қазандықтарына тапсырыс беру үшiн аванс аудару" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы