Тұрғын үйге меншік құқығына қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі N 5 Нормативтік қаулысы.

      ХАБАРЛАНДЫРУ

      Тұрғын үйге меншік құқығы туралы заңдардың дұрыс және біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 191-бабына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабына сәйкес, заңды түрде алынған кез келген тұрғын үй Қазақстан Республикасы азаматтарының, заңды тұлғаларының жеке меншігінде бола алады. Меншік иелерінің тұрғын үйді иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі құқықтары сот тәртібімен, заң актілерінде көзделген әдістермен қорғалады.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларымен адамның құқықтары мен бостандықтары тек заңдармен шектелуіне жол берілетіндігіне байланысты, меншік иесінің құқықтарын шектейтін өзге заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер қолдануға жатпайды.

      2. Тұрғын үйге меншік құқығы туралы талап сотқа оның орналасқан жері бойынша беріледі. Соттылық ережелері бұзылып берілген талап кері қайтарылады, ал өндіріске қабылданғаны - соттылығы бойынша жолданады.

      Тұрғын үйге меншік құқығы туралы талаптарға: тұрғын үйді өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету туралы; иеленуден айыруға байланысты емес құқықтың бұзылуын жою туралы; тұрғын үй-жайға құқықты тану туралы; тұрғын үйді иеліктен шығару жөніндегі сауда-саттықты жарамсыз деп тану туралы, тұрғын үйді иеліктен шығару жөніндегі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы және басқа да талаптар жатады.

      3. АК 118-бабының 2-тармағына және Заңның 17-бабына сәйкес, тұрғын үйді алушының меншік құқығы уәкілетті орган оны мемлекеттік тіркеуден өткізген кезден бастап туындайды, алайда оның болмауы мәмілені жарамсыз деп тануға өздігінен негіз болып табылмайды.

      Мәміленің нысаны сақталмай, іс жүзінде жасалған мәміле куәлардың жауаптарынан басқа өзге де дәлелдермен (мысалы, тұрғын үйді сатып ақша алғаны туралы қолхатпен не иеліктен шығару құқығына берілген сенімхатпен) расталып, сатушының қайда екені белгісіз болған жағдайда, мүдделі тарап сатушыны жауапкер ретінде көрсетіп, мәмілені жарамды деп тану туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы, сот сатушының белгілі болған соңғы тұрған жері бойынша оған хабарлайды. Сот мәмілені жарамды деп танудан бас тартқан жағдайда, егер меншік иесі үшінші тұлғаға белгіленген нысанда тұрғын үйді иеліктен шығарса, онда талапкер жұмсалған шығындарын өтетуге құқылы.

      4. Меншік құқығы мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап алушының тұрғын үйге билік ету құқығы туындайды.

      Тұрғын үйді иеліктен шығару жөніндегі мәмілені белгіленген нысанда жасаған меншік иесі оған кейіннен билік етуге құқылы емес, өйткені аталған тұрғын үй орындалған міндеттеменің нысаны болып, ал мемлекеттік тіркеуді жасамаған сатып алушы оның заңды иесі болып табылады.

      5. Тұрғын үй мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, сатып алушы сатып алынған тұрғын үйге ақы төлеу жөніндегі міндеттемені тиісінше орындамау себептері бойынша дау туындаған кезде сатушы АК 439-бабы 3-тармағының негізінде сатылған тұрғын үйдің құнын және АК 353-бабына сәйкес айыпақы төлеуді талап етуге құқылы.

      Егер заң немесе келісім бойынша келісім шартты бұзу және тараптардың ол бойынша алғандарын қайтару көзделсе, меншік құқығын тіркеу АК 401-бабында көзделген негіздер бойынша келісім шартты бұзу үшін кедергі болып табылмайды. Мұндай жағдайда тараптар тұрғын үйді қайтарып алудан басқа, келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы.

      6. Соттар, АК 158-160-баптарында көрсетілген мәмілелердің жарамсыздығының нақты негіздерін анықтауы қажет. Бұл ретте, АК-нің 157, 157-1-баптары мәміленің жарамсыздығы және оның жарамсыздығының салдарлары туралы жалпы қағиданы қамтитынын және дербес негіздер болып табылмайтынын ескеру керек.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 7 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      7. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 7 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      8. Кейіннен әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған тұлға жасады деген себептер немесе АК 159-бабының 6-11-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша мәміле жарамсыз деп танылған кезде, сот, тек АК көрсетілген тұлғалардың талабы бойынша АК 157-1-бабының 3, 4, 5 және 6-тармақтарында көзделген салдарды қолданады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 7 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      9. Талапкердің талап ету құқығы әрекет қабілеттілігі жоқ тұлға жасаған мәміленің жарамсыздығынан, сондай-ақ АК 158-бабында , 159-бабының 1-3-тармақтарында, 160-бабында көрсетілген негіздердің бар болуынан не мемлекеттік органның заңсыз актісінен туындап, оның тұрғын үйді өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету жөніндегі талабын шешу кезінде, сот мәмілені немесе актіні жарамсыз деп тану жөніндегі талап бар болған жағдайда, мұндай мәмілеге не мемлекеттік органның актісіне баға беруге құқылы. Бұл ретте, егер тұлға жарамсыз деп танылған мәміленің немесе заң талаптарына сәйкес келмейтін мемлекеттік органның актісі негізінде тұрғын үйге меншік құқығына ие болса, онда талапты қанағаттандыруға құқықтық негіз жоқ екендігін сот ескеруі қажет.

      10. Егер тұрғын үйді өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету жөніндегі талапты қараған кезде, оның кейіннен әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам жасаған немесе АК 159-бабының 6-11-тармақтарында көрсетілген жағдайларда жасалған жарамсыз мәмілелерге негізделгені анықталса, онда сот оны өз бетінше жарамсыз деп тануға құқылы емес.

      11. Өз бетімен салынған тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талап жергілікті атқарушы органға беріледі және талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қаралады. Егер құрылыстың сақталуы басқа тұлғалардың заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соқпаса немесе азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмесе, мұндай талаптар қанағаттандырылуы мүмкін. Мұндай жағдайлар құрылысы аяқталған объектілерді мемлекеттік қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті органдардың рұқсаттарымен расталуы қажет.

      12. Осындай мақсаттарға арналып бөлінбеген жер учаскесінде өз бетімен салынған тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талап аталған жер учаскесі талапкерге заңда белгіленген тәртіппен берілетін жағдайда ғана қанағаттандырылуы мүмкін.

      Сондықтан істі сотта қарауға дайындау кезінде судья талапкерге жер учаскесі оған берілетіндігі, құрылыстың сәулет және құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келетіндігі туралы дәлелдемелерді келтіруге ұсыныс жасауы керек. Әкімнің және уәкілетті органдардың жер учаскесін талапкерге беруге келісімі туралы және құрылыстың нормалар мен ережелерге сәйкес келетіні туралы ұсынған құжаттары осындай дәлелдемелер бола алады.

      Заңсыз алынған жер учаскесінде орналасқан және оған қажетті рұқсаттарды алмай немесе сәулет және құрылыс нормалары мен ережелерін бұза отырып өз бетімен салынған тұрғын үйге, АК 240-бабымен белгіленген иелену мерзімінің өтуі қолданылмайды.

      13. Өз бетімен салынған құрылыс орналасқан жер учаскесін заңды түрде пайдаланушы тұлғаның тұрғын үйге меншік құқығын тану кезінде, сот тиісті талап болса тұлғаның құрылысқа жұмсаған шығындарын өтеткізеді.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.12.30 № 5 Нормативтік қаулысымен.

      14. Тұрғын үй іс жүзінде басқа тұлғаның заңсыз иеленуінде болған жағдайда, меншік иесі тұрғын үйді өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету туралы талап қоюға құқылы. Егер мұндай талапты қарау барысында тұрғын үйдің үшінші тұлғада екені анықталса, онда сот талапкердің келісімімен оны тең жауапкер ретінде тартуға және АК 261-бабында көрсетілген мән-жайлар бар болса талапты қанағаттандыруға құқылы.

      15. Тұрғын үйді адал алушыдан талап ету жөніндегі талапты қараған кезде, азаматтық айналымның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында соттар, парасаттылық, орынды сақтық және құндылық танытқан алушының мүддесі қорғалуға жататындығын ескеруі қажет. Тұрғын үйді адал иеленудің және пайдаланудың бұл тартпайтын фактілері, басқа да дәлелдермен қатар тұлғаны адал алушы деп тану үшін негіз болып табылады.

      Жауапкердің оны адал алушы деп тану туралы қарсы талап ұсынуы талап етілмейді, өйткені осы мәселені шешу виндикациялық (бөтеннің заңсыз иелігінен мүлікті талап ету туралы) талаптарды қарау кезінде соттың міндетіне кіреді.

      Меншік құқығын және өзге де заттай құқықтарды қорғаудың өзге жағдайларында тұлғаны адал алушы деп белгілеудің құқықтық маңызы жоқ.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.12.30 № 5 Нормативтік қаулысымен.

      16. Егер сот, алушының тұрғын үйді иеліктен шығаруға құқығы жоқ тұлғадан алғанын білгенін немесе білуі тиіс екендігін, не ақылы мәміле жасалған кезде сатылатын тұрғын үйге қатысты үшінші тұлғалардың талаптары болып, ол жөнінде сатып алушы білген немесе білуі мүмкін екендігін анықтаса және бұл талаптар кейіннен заңды деп танылса, онда ол адал алушы деп танылмайды.

      17. Тұрғын үй меншік иесінің иелігінен немесе меншік иесі тұрғын үйді берген тұлғаның иелігінен олардың еріктерінен тыс шығып кеткен жағдайда ғана меншік иесі оны адал алушыдан талап етуге құқылы.

      Мұндай жағдайларға, атап айтқанда, мәмілелердің қателестіру, алдау, күш қолдану, қорқытудың әсерімен, меншік иесі өкілінің басқа тұлғамен теріс ниетпен келісуі арқылы жасалуы және т.б. жағдайлары жатады. Бұл ретте, меншік иесі тұрғын үйдің оның еркінен тыс иеліктен шығып кету фактісін дәлелдеуі тиіс.

      Тұрғын үй адал алушыға ақысыз өткен кезде, меншік иесінің тұрғын үйді өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету туралы талабы барлық жағдайларда қанағаттандырылуға жатады.

      18. Егер тұрғын үйді иеліктен шығаруға құқығы жоқ тұлға ақылы шарт бойынша оны иеліктен шығарса, онда меншік иесі мәмілені жарамсыз деп танумен бірге, адал алушыдан тұрғын үйді талап ету туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы. Меншік иесінің бұл құқығы заң бұзушылықпен жасалған алғашқы мәмілеге ғана емес, барлық кейінгі мәмілелерге де қатысты.

      Егер істі қарау кезінде сот сатып алушының адал алушыға қойылатын талаптарға сай келетінін, ал тұрғын, онда талапты қанағаттандырудан бас тартылуы мүмкін.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.12.30 № 5 Нормативтік қаулысымен.

      19. Құқықтың бұзылуы иеліктен айыруға байланысты болмаса да тұрғын үйдің меншік иесі АК 264-бабының негізінде өз құқығының қандай да бұзылуын жою туралы талап қоюға құқылы. Талап қою мерзімі мұндай талапқа қолданылмайды.

      Тұрғын үйдің меншік иесі болмаса да, тұрғын үйді заңды негіздерде иеленген тұлға, АК 265-бабына сәйкес, иелену құқығын меншік құқығын қорғаумен бірдей, оның ішінде меншік иесінің заңсыз әрекеттерінен қорғауға құқылы.

      20. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына кіреді, сондай-ақ жалпыға міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы


Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы



О некоторых вопросах разрешения споров, связанных с защитой права собственности на жилище

Нормативное постановление Верховного суда Республики Казахстан от 16 июля 2007 года N 5.

      ОБЪЯВЛЕНИЕ

      В целях обеспечения правильного и единообразного применения законодательства о праве собственности на жилище пленарное заседание Верховного Суда Республики Казахстан

      п о с т а н о в л я е т:

      1. В соответствии с пунктом 1 статьи 26 Конституции Республики Казахстан, статьей 191 Гражданского кодекса Республики Казахстан (далее - ГК) и статьей 11 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" (далее - Закон) в частной собственности граждан, юридических лиц может находиться любое законно приобретенное жилище. Права собственников по владению, пользованию и распоряжению жилищем защищаются в судебном порядке способами, предусмотренными законодательными актами.

      В связи с тем, что нормами Конституции Республики Казахстан ограничение гражданских прав человека допускается только законами, иные подзаконные нормативные правовые акты, ограничивающие права собственника, применению не подлежат.

      2. Иск о праве собственности на жилище предъявляется в суд по месту его нахождения. Иск, поданный с нарушением правил подсудности, возвращается, а принятый к производству - направляется по подсудности.

      К искам о праве собственности на жилище относятся: иски об истребовании жилища из чужого незаконного владения; об устранении нарушений права, не связанного с лишением владения; о признании права на жилое помещение; о признании торгов по отчуждению жилища недействительными; о признании сделок по отчуждению жилища недействительными и другие.

      3. Согласно пункту 2 статьи 118 ГК и статье 17 Закона право собственности на жилище у приобретателя возникает с момента его государственной регистрации уполномоченным органом, однако ее отсутствие не является самостоятельным основанием для признания сделки недействительной.

      В случае несоблюдения формы сделки, когда фактически совершенная сделка подтверждается иными, кроме свидетельских показаний, доказательствами (например, распиской о продаже жилища и получении денег, либо выдачей доверенности на право отчуждения), при неизвестности местонахождения продавца, заинтересованная сторона вправе обратиться в суд с иском о признании сделки действительной, с указанием в качестве ответчика продавца, извещаемого судом по последнему известному месту его жительства. В случае отказа суда в признании сделки действительной, если собственник совершил отчуждение жилья в установленной форме третьему лицу, то истец имеет право на возмещение понесенных расходов.

      4. Право распоряжения жилищем у приобретателя возникает с момента государственной регистрации права собственности.

      Собственник, совершивший сделку по отчуждению жилища в установленной форме, не вправе впоследствии им распорядиться, поскольку указанное жилище является предметом исполненного обязательства, а покупатель, не совершивший государственную регистрацию, признается его законным владельцем.

      5. При возникновении спора по мотиву ненадлежащего исполнения покупателем обязательства по оплате, приобретенного жилища, после его государственной регистрации продавец, на основании пункта 3 статьи 439 ГК, вправе требовать уплаты стоимости проданного жилища и неустойки в соответствии со статьей 353 ГК.

      Если законом или соглашением предусмотрено расторжение договора с возвращением полученного сторонами, регистрация права собственности не является препятствием для расторжения договора по основаниям, предусмотренным статьей 401 ГК. В этом случае стороны вправе требовать, кроме возврата жилища, возмещения причиненных убытков.

      6. Судам необходимо выяснять конкретные основания недействительности сделок, указанные в статьях 158 - 160 ГК. При этом следует иметь в виду, что статьи 157, 157-1 ГК содержат общее правило о недействительности сделки и последствиях ее недействительности и не являются самостоятельными основаниями для признания сделки недействительной.

      Сноска. Пункт 6 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного суда РК от 20.04.2018 № 7 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      7. Исключен нормативным постановлением Верховного Суда РК от 20.04.2018 № 7 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      8. При признании сделки недействительной по мотивам совершения ее лицом, впоследствии признанным недееспособным, или по основаниям, указанным в пунктах 6-11 статьи 159 ГК, суд применяет последствия, предусмотренные пунктами 3, 4, 5 и 6 статьи 157-1 ГК, только по иску лиц, указанных в ГК.

      Сноска. Пункт 7 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного суда РК от 20.04.2018 № 7 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      9. При разрешении иска об истребовании жилища из чужого незаконного владения истцом, право требования которого исходит из недействительности сделки, как совершенной недееспособным лицом, а также наличия оснований, указанных в статье 158 ГК, пунктах 1-3 статьи 159 ГК, статье 160 ГК, либо незаконности акта государственного органа, суд, при требовании о признании сделки или акта недействительным, вправе дать оценку такой сделке либо акту государственного органа. При этом суду необходимо учесть, что если лицо приобрело право собственности на жилище на основании сделки, признанной недействительной или акта государственного органа, не соответствовавшего требованиям законодательства, то правовых оснований для истребования жилища у него не имеется.

      10. Если при рассмотрении иска об истребовании жилища из чужого незаконного владения выяснится, что оно основано на недействительности сделки, совершенной лицом, впоследствии признанным недееспособным или в случаях, указанных в пунктах 6-11 статьи 159 ГК, то суд не вправе по своей инициативе признать ее недействительной.

      11. Иск о признании права собственности на самовольно построенное жилище предъявляется к местному исполнительному органу и рассматривается судом в порядке искового производства. Удовлетворение такого иска возможно при условии, если сохранение постройки не повлечет нарушение законных интересов других лиц или не создаст угрозу жизни и здоровью граждан. Эти условия должны подтверждаться органами, уполномоченными осуществлять государственную приемку законченных строительных объектов.

      12. При рассмотрении иска о признании права собственности на жилой дом, самовольно возведенный на земельном участке, не отведенном для этих целей, он может быть удовлетворен только при условии, что данный участок будет предоставлен истцу в установленном законом порядке.

      В этой связи судье в стадии подготовки дела к судебному разбирательству следует предложить истцу представить доказательства того, что земельный участок будет предоставлен ему и что строение соответствует градостроительным и строительным нормам и правилам. Такими доказательствами могут быть выданные акимом и уполномоченными органами документы о согласии предоставления истцу земельного участка и соответствии строения нормам и правилам.

      На самовольно возведенный жилой дом, расположенный на неправомерно занимаемом земельном участке и построенный без получения на это необходимых разрешений или с нарушением градостроительных и строительных норм и правил, установленная статьей 240 ГК приобретательная давность не распространяется.

      13. При признании права собственности на жилой дом за лицом, в законном пользовании которого находится земельный участок, где возведена самовольная постройка, суд при наличии соответствующего требования, возмещает лицу, осуществившему постройку, понесенные им на строительство расходы.

      Сноска. Пункт 13 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 30.12.2011 № 5(вводится в действие со дня официального опубликования).

      14. В случае нахождения жилища в незаконном фактическом владении у другого лица, собственник вправе предъявить иск об истребовании жилища из чужого незаконного владения. Если в ходе рассмотрения такого иска будет установлено, что жилище находится у третьего лица, то суд вправе с согласия истца привлечь его в качестве соответчика и удовлетворить иск при наличии обстоятельств, указанных в статье 261 ГК.

      15. При рассмотрении иска об истребовании жилища у добросовестного приобретателя, в целях обеспечения стабильности гражданского оборота, судам необходимо учитывать, что, интересы приобретателя проявившего разумную осторожность, добросовестность и осмотрительность подлежат защите. Неопровержимые факты добросовестного владения и пользования жилищем, наряду с другими доказательствами, являются основанием для признания лица добросовестным приобретателем.

      Предъявление ответчиком встречных требований о признании его добросовестным приобретателем не требуется, так как разрешение этого вопроса входит в обязанность суда при рассмотрении виндикационных исков (об истребовании имущества из чужого незаконного владения).

      В иных случаях защиты права собственности и иных вещных прав установление лица добросовестным приобретателем правового значения не имеет.

      Сноска. Пункт 15 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 30.12.2011 № 5(вводится в действие со дня официального опубликования).

      16. Если суд установит, что приобретатель знал или должен был знать об отчуждении жилища лицом, не имеющем на это право, либо если в момент совершения возмездной сделки в отношении продаваемого жилища имелись притязания третьих лиц, о которых покупателю было или могло быть известно, и эти притязания впоследствии признаны правомерными, то он не может быть признан добросовестным приобретателем.

      17. Собственник вправе истребовать жилище у добросовестного приобретателя лишь в случае, когда жилище выбыло из его владения или владения лица, которому оно было передано собственником, помимо их воли.

      Такими случаями являются, в частности, совершение сделки под влиянием заблуждения, обмана, насилия, угрозы, злонамеренного соглашения представителя собственника с другим лицом и.т.п. При этом собственник должен доказать факт выбытия жилища помимо его воли.

      Иск собственника об истребовании жилища из чужого незаконного владения подлежит удовлетворению во всех случаях, когда жилище перешло к добросовестному приобретателю безвозмездно.

      18. Если жилище отчуждено по возмездному договору лицом, которое не имело на это право, то собственник вправе обратиться в суд с иском об истребовании жилища у добросовестного приобретателя с признанием сделки недействительной. Это право собственника касается не только первой сделки, совершенной с нарушением закона, но и всех последующих сделок.

      Если при рассмотрении дела суд установит, что последующий покупатель отвечает требованиям, предъявляемым к добросовестному приобретателю, а жилище выбыло из владения собственника по его воле, то в удовлетворении исковых требований может быть отказано.

      Сноска. Пункт 18 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 30.12.2011 № 5(вводится в действие со дня официального опубликования).

      19. Собственник жилища вправе на основании статьи 264 ГК предъявить иск об устранении всяких нарушений его прав на жилище, хотя эти нарушения и не были соединены с лишением владения. На такое требование срок исковой давности не распространяется.

      В соответствии со статьей 265 ГК лицо, хотя и не являющееся собственником жилища, но владеющее им на законных основаниях, имеет право на защиту владения жилищем наравне с защитой права собственности, в том числе, от незаконных действий собственника.

      20. Согласно статье 4 Конституции Республики Казахстан настоящее нормативное постановление включается в состав действующего права, а также является общеобязательным и вводится в действие со дня официального опубликования.

Председатель Верховного Суда


Республики Казахстан


Судья Верховного Суда


Республики Казахстан,


секретарь пленарного заседания