Ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн пайдалану қағидалары мен шарттарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 71 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 516 бұйрығын қараңыз.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 428 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса беріліп отырған Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 428 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       2. "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 5 қыркүйектегi N 845 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., N 31, 269-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      1-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 




Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 30 қаңтардағы
N 71 қаулысымен
бекiтiлген

Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану
қағидалары мен шарттары

      Ескерту. Қағидалар мен шарттар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.08.2013 № 824 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
 

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға немесе концессионерге берілген Қазақстан Республикасының ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда Заңда көзделген ұғымдар және мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) автомобиль жолдарын пайдаланушылар – жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлінген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
      2) ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін пайдалану – ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) және көпір өткелдері бойынша автокөлік құралдарының белгіленген жүктемелерімен, габариттерімен үздіксіз, қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру және пайдалану кезеңінде олардың көліктік-пайдалану жай-күйін ұстау;
      3) ақылы жүруді ұйымдастырушы – Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе концессионер;
      4) көпір өткелі – көпірді, көпірге кіреберісті, реттеу және қорғау құрылыстарын қамтитын, су кедергілерін еңсеруге арналған инженерлік құрылыстар кешені.
 

2. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір
өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттары

      3. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жөндеу мен күтіп ұстау жөніндегі іс-шараларды Ақылы жүруді ұйымдастырушының уақтылы қамтамасыз етуін көздейді.
      4. Ақылы жүрудің ұйымдастырушы ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) мен көпір өткелдерін тиісті пайдалану мақсатында:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автомобиль жолдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
      2) қысқы кезеңде ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін қардан тазартуды қамтамасыз етеді және жамылғының тайғақтығына қарсы шаралар қабылдайды;
      3) көлік құралдарының үздіксіз және қауіпсіз жүріп өтуін және табиғатты қорғау заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес автомобиль жолдарын пайдаланушыларға жол жағдайларының себептері бойынша туындаған жол-көлік оқиғалары келтірген зиянды өтеу жөніндегі шараларды қабылдайды;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің фитосанитариялық жай-күйін қамтамасыз етеді;
      6) автомобиль жолдарының бойында қорғаныш екпелерін күтіп-ұстайды;
      7) жол органдарымен келісім бойынша, жол полициясы бөлімшелерімен және төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, шұғыл жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климаттық жағдайлар, дүлей апаттар, өрт, автомобиль жолдарының көтеру қабілетінің жойылуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде бұл жөнінде жергілікті атқарушы органдарды және автомобиль жолдарын пайдаланушыларды тиісті жол белгілерін қойып және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ете отырып, көлік құралдары қозғалысын шектейді немесе тоқтатады;
      8) дүлей метеорологиялық құбылыстар мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жояды;
      9) жол полициясы бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, жол-көлік оқиғаларының есебін жүргізеді, олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдайды, олардың алдын алу мен жою жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
      10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерінде белгіленген жылдамдық режимінің шеңберінде көлік құралдарының қауіпсіз жүріп өту мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
      11) жол қозғалысына қатысушыларды құтқару, жол-көлік оқиғалары, авариялар, дүлей апаттар жағдайларында оларға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды;
      12) жол полициясы бөлімшелеріне жол-көлік оқиғаларын тергеуге жәрдем көрсетеді, сондай-ақ егер жол-көлік оқиғасы ілеспе жол жағдайлары бойынша болса, қызметтік тексеру жүргізеді;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға жәрдем көрсетеді;
      14) жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын (қоршаулар, жол белгілері, жолды белгілеу, бағыттайтын құрылғылар, жарықтандыру желілері, бағдаршамдар, қозғалысты автоматтандырылған басқару жүйелері) орнату мен жөндеуді қамтамасыз етеді;
      15) қажетті ақпараттық-коммуникациялық желілерге қосу арқылы автокөлік құралдары қозғалысының мониторингі үшін өлшеу құрылғыларын, жабдықтарды орнатуды және бағдарламалық қамтуды қамтамасыз етеді;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) бойынша жүріп өткені үшін ақы алуды қамтамасыз етеді.
      5. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін күтіп-ұстау бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүзеге асырылады.
      6. Автомобиль жолдары (жол учаскелері) мен көпір өткелдерін күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізу мақсатында оларды визуалды тексеру күн сайын жүзеге асырылады.
      7. Ақылы автомобиль жолдарының (жол учаскелерінің) және көпір өткелдерінің пайдаланылуын бақылауды автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
 

Об утверждении Правил и условий эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2007 года N 71. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2016 года № 901.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.12.2016 № 901 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра по инвестициям и развитию РК от 28.04.2015 г. № 516.


      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 30.04.2013 № 428 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 17 июля 2001 года "Об автомобильных дорогах" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила и условия эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов.
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 30.04.2013 № 428 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      2. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 сентября 1998 года N 845 "О совершенствовании правового обеспечения дорожного хозяйства" (САПП Республики Казахстан, 1998 г., N 31, ст. 269) следующее изменение:
      абзац третий пункта 1 исключить.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
   Республики Казахстан 

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 30 января 2007 года № 71 

Правила и условия эксплуатации платных автомобильных
дорог и мостовых переходов

      Сноска. Правила в редакции постановления Правительства РК от 21.08.2013 № 824 (вводится в действие по истечение десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила и условия эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан «Об автомобильных дорогах» (далее - Закон) и определяют порядок и условия эксплуатации платных автомобильных дорог (участков) и мостовых переходов Республики Казахстан, переданных Национальному оператору по управлению автомобильным дорогам или концессионеру.
      2. В настоящих Правилах используются понятия, предусмотренные Законом, и следующие понятия:
      1) пользователи автомобильными дорогами — физические и юридические лица, являющиеся участниками дорожного движения или осуществляющие иную деятельность в пределах полосы отвода автомобильных дорог и придорожной полосы;
      2) эксплуатация платных автомобильных дорог (участков) и мостовых переходов - осуществление мероприятий по обеспечению непрерывного, безопасного движения автотранспортных средств по платным автомобильным дорогам (участков) и мостовым переходам с установленными нагрузками, габаритами и поддержание их транспортно-эксплуатационного состояния в период эксплуатации;
      3) организатор платного движения - Национальный оператор по управлению автомобильными дорогами или концессионер;
      4) мостовой переход - комплекс инженерных сооружений для преодоления водного препятствия, включающий в себя мост, подходы к мосту, регуляционные и защитные сооружения.

2. Порядок и условия эксплуатации платных автомобильных
дорог (участков) и мостовых переходов

      3. Эксплуатация платных автомобильных дорог (участков) и мостовых переходов предусматривает своевременное обеспечение организатором платного движения мероприятий по их ремонту и содержанию в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      4. Организатор платного движения в целях надлежащей эксплуатации платных автомобильных дорог (участков) и мостовых переходов:
      1) обеспечивает соблюдение требований безопасности при эксплуатации автомобильных дорог в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      2) обеспечивает очистку платных автомобильных дорог (участков) и мостовых переходов от снега в зимний период и принимает меры против скользкости покрытия;
      3) обеспечивает бесперебойный и безопасный проезд транспортных средств и соблюдение требований природоохранного законодательства;
      4) принимает меры по возмещению ущерба пользователям автомобильными дорогами в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан, причиненного дорожно-транспортными происшествиями, возникшего по причине дорожных условий;
      5) обеспечивает фитосанитарное состояние полосы отвода автомобильных дорог в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан;
      6) содержит защитные насаждения вдоль автомобильных дорог;
      7) по согласованию с дорожными органами, совместно с подразделениями дорожной полиции и уполномоченным органом по чрезвычайным ситуациям ограничивает или закрывает движение транспортных средств в экстремальных условиях (неблагоприятные погодно-климатические условия, стихийные бедствия, пожар, потеря несущей способности автомобильных дорог), а также при проведении ремонтно-строительных работ с уведомлением об этом местных исполнительных органов и пользователей автомобильными дорогами, установлением соответствующих дорожных знаков и через средства массовой информации;
      8) устраняет последствия стихийных метеорологических явлений и чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера;
      9) при взаимодействии с подразделениями дорожной полиции ведет учет дорожно-транспортных происшествий, анализирует причины и условия, способствующие их возникновению, разрабатывает мероприятия по их предупреждению и ликвидации;
      10) обеспечивает возможность безопасного проезда транспортных средств в рамках скоростного режима, установленного Правилами дорожного движения Республики Казахстан, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 ноября 1997 года № 1650;
      11) принимает меры по спасению участников дорожного движения, оказанию им доврачебной медицинской помощи в случаях дорожно-транспортных происшествий, аварий, стихийных бедствий;
      12) оказывает содействие подразделениям дорожной полиции в расследовании дорожно-транспортных происшествий, а также проводит служебное расследование, если дорожно-транспортное происшествие произошло по сопутствующим дорожным условиям;
      13) оказывает содействие органам, осуществляющим оперативно-розыскную деятельность в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      14) обеспечивает устройство и ремонт технических средств организации дорожного движения (ограждения, знаки, разметка, направляющие устройства, сети освещения, светофоры, системы автоматизированного управления движением);
      15) обеспечивает устройство средств измерения, оборудования и программного обеспечения для мониторинга движения автотранспортных средств с подключением к необходимым информационно-коммуникационным сетям;
      16) обеспечивает взимание платы за проезд по платным автомобильным дорогам (участков) в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      5. Работы по содержанию платных автомобильных дорог (участков) и мостовых переходов осуществляются на постоянной основе.
      6. В целях своевременного проведения работ по содержанию платных автомобильных дорог (участков) и мостовых переходов их визуальный осмотр осуществляется ежедневно.
      7. Контроль за эксплуатацией платных автомобильных дорог (участков) и мостовых переходов осуществляет уполномоченный государственный орган по автомобильным дорогам.