Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған 2005 жылғы 1 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiмдi (Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендiруден кейiнгi екiншi жобасы) (бұдан әрі - келiсiм) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi конкурстық негізде ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендiруден кейiнгi екiншi жобасының кредит желiсi бойынша екiншi деңгейдегi банктердi (бұдан әрi - қарыз алушы банктер) белгiлесiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен қарыз алушы банктер ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендiруден кейiнгi екiншi жобасының кредит желiсі бойынша кредиттiк шарттардың тараптары болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мынадай шарттарда кредиттiк шарттарды жасасуды қамтамасыз етсiн:
1) республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатының (бұдан әрi - кредит) жалпы көлемi 30000000 (отыз миллион) АҚШ долларына баламалы соманы құрайды, бұл ретте әрбiр қарыз алушы банкке берiлетiн кредит сомасы кредиттiк шартқа сәйкес айқындалады;
2) теңге қоса қаржыландыру қаражатынан берiлетiн кредит валютасы болып табылады;
3) кредит қарыз алушы банктерге жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қаржылық қызметтерге қол жеткiзуiн қамтамасыз ету мақсатында берiледi;
4) кредит қарыз алушы банктерге негiзгi борышты өтеу бойынша үш жылдық жеңiлдiк кезеңiмен 15 (он бес) жыл мерзiмге берiледi;
5) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген кредит қаражатын игеру кезеңi тиiстi қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiн белгiленедi;
6) теңгемен есептелген сыйақы ставкасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасына тең ауыспалы ставка болып табылады;
7) кредит бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң болуы.
4. Кредиттiк шарттың тараптары жыл сайын тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңнамалық актiде көзделген сомалар шегiнде осы қаулыда айқындалған шарттарда республикалық бюджеттен кредит беру туралы кредиттiк шартқа қосымша келiсiмдер жасассын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі