Республиканың азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн, жұмылдыру мұқтаждығын қамтамасыз ету, стратегиялық мәнi бар астық нарығын жедел реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. 2007 жылғы егiннiң астығын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға арналған бюджет қаражатының сомасы:
көктемгi-жазғы қаржыландыру арқылы 3892000000 (үш миллиард сегiз жүз тоқсан екi миллион) теңге мөлшерiнде;
күзгi кезеңде астықты мемлекеттiк сатып алуға 2316382000 (екi миллиард үш жүз он алты миллион үш жүз сексен екi мың) теңге мөлшерiнде белгіленсiн.
Көктемгi-жазғы кезеңде астықты мемлекеттiк сатып алуға пайдаланылмаған ақша қаражаты күзгi кезеңде астықты мемлекеттiк сатып алуға пайдаланылады.