2007 жылы астықты мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 наурыздағы N 190 Қаулысы

      Республиканың азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн, жұмылдыру мұқтаждығын қамтамасыз ету, стратегиялық мәнi бар астық нарығын жедел реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. 2007 жылғы егiннiң астығын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға арналған бюджет қаражатының сомасы:
      көктемгi-жазғы қаржыландыру арқылы 3892000000 (үш миллиард сегiз жүз тоқсан екi миллион) теңге мөлшерiнде;
      күзгi кезеңде астықты мемлекеттiк сатып алуға 2316382000 (екi миллиард үш жүз он алты миллион үш жүз сексен екi мың) теңге мөлшерiнде белгіленсiн.
      Көктемгi-жазғы кезеңде астықты мемлекеттiк сатып алуға пайдаланылмаған ақша қаражаты күзгi кезеңде астықты мемлекеттiк сатып алуға пайдаланылады.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С.Есiмовке жүктелсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi және ресми жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады