Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 сәуірдегі N 272 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 678 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.08.2023 № 678 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңы 26-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы"5"сәуірдегі
N 272 қаулысымен бекітілген

Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасында шекара маңындағы сауда саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аумағында сауда қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      Шектес мемлекеттің тиісті шекара маңының аумағындағы шекара маңындағы сауда Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының арнайы заңнамалық актілерімен , сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен реттелетін тауарлардың жекелеген түрлерінің айналымы жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.

      3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      шекара маңындағы сауда - Қазақстан Республикасының шекара маңының аумағында және шектес мемлекеттің тиісті шекара маңының аумағында шекара маңындағы сауда субъектілері жүзеге асыратын сауда қызметі;

      Қазақстан Республикасының шекара маңының аумағы - Қазақстан Республикасы шекара маңының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің аумағы;

      шекара маңындағы сауда субъектілері - осы Ережеде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шекара маңының аумағында және шектес мемлекеттің тиісті шекара маңының аумағында сауда қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар.

      Осы Ережеде "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңында (бұдан әрі - Заң) және "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 371 қаулысында пайдаланылатын терминдер мен ұғымдар қолданылады.

2. Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру тәртібі

      4. Шекара маңындағы аумақтарда Заңда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген сауда қызметінің түрлері жүзеге асырылады.

      5. Шекара маңындағы сауда бұл үшін арнайы бөлінген мынадай орындарда (бұдан әрі - шекара маңындағы сауда объектілері) жүзеге асырылады:

      Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен шекарасына таяу орналасқан сауда базарларында, қоғамдық тамақтандыру пункттерінде;

      Қазақстан Республикасының шекара маңының аумақтарында орналасқан арнайы экономикалық аймақтарда;

      Қазақстан Республикасының шекара маңының аумақтарында орналасқан теңіз және құрлық порттарда;

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес белгіленген объектілерде.

      6. Шекара маңындағы сауда объектілерінің жұмыс істеуі техника қауіпсіздігі ережелерін, ветеринарлық, санитарлық-эпидемиологиялық, өртке қарсы талаптар және Қазақстан Республикасының заңнамасында сауда қызметінің тиісті объектісі үшін белгіленген басқа да талаптарды сақтауды ескере отырып жүзеге асырылады.

      7. Қызметі лицензиялауға жататын шекара маңындағы сауда субъектісі лицензиялануға тиіс, тұтынушыларға лицензияның нөмірі мен қолданылу мерзімі туралы, сондай-ақ оны берген орган туралы ақпаратты ұсынады.

      Көрсетілген ақпарат сатып алушылар танысу үшін ыңғайлы жерлерге орналастырылады.

      8. Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру кезінде тауарлардың шығарылған жері мен оларды дайындаушылар туралы ақпарат сатып алушылардың назарына мемлекеттік және орыс тілдерінде және қажет болған кезде басқа да тілдерде жеткізіледі.

      9. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, сатушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, тауардың сапасын, орамын және таңбалануын, оның жиынтығы мен құжаттамасын, сондай-ақ жеткізу шарттарын сақтайды.

3. Шекара маңындағы сауданың жүзеге асырылуын бақылау

      10. Осы Ереже талаптарының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.

      11. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, шекара маңындағы сауда субъектілері осы Ережені бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      12. Шекара маңының аумағындағы кедендік реттеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил осуществления приграничной торговли

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 апреля 2007 года N 272. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 августа 2023 года № 678.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 15.08.2023 № 678 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 26 Закона Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года "О регулировании торговой деятельности" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления приграничной торговли.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан



  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 5 апреля 2007 года N 272

Правила осуществления приграничной торговли
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления приграничной торговли (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьей 26 Закона Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года "О регулировании торговой деятельности", регулируют правовые отношения в сфере приграничной торговли в Республике Казахстан и определяют порядок осуществления торговой деятельности на приграничной территории Республики Казахстан, если иное не определено международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан.

      Приграничная торговля на соответствующей приграничной территории сопредельного государства осуществляется в соответствии с международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан.

      2. Настоящие Правила не распространяются на отношения по обороту отдельных видов товаров, которые регулируются специальными законодательными актами Республики Казахстан , а также международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан.

      3. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      приграничная торговля - торговая деятельность, осуществляемая субъектами приграничной торговли на приграничной территории Республики Казахстан и соответствующей приграничной территории сопредельного государства;

      приграничная территория Республики Казахстан - территория приграничных административно-территориальных единиц Республики Казахстан;

      субъекты приграничной торговли - физические или юридические лица, осуществляющие в порядке, установленном настоящими Правилами, торговую деятельность на приграничной территории Республики Казахстан и соответствующей приграничной территории сопредельного государства.

      В данных Правилах применяются термины и понятия, используемые в Законе Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года "О регулировании торговой деятельности" (далее - Закон) и постановлении Правительства Республики Казахстан от 21 апреля 2005 года N 371 "Об утверждении Правил внутренней торговли".

2. Порядок осуществления приграничной торговли

      4. На приграничных территориях осуществляются виды торговой деятельности, установленные Законом и международными договорами , ратифицированными Республикой Казахстан.

      5. Приграничная торговля осуществляется в отведенных для этого специальных местах (далее - объекты приграничной торговли):

      торговых рынках, пунктах общественного питания, расположенных вблизи границы Республики Казахстан с сопредельными государствами;

      специальных экономических зонах, расположенных на приграничных территориях Республики Казахстан;

      морских и сухих портах, расположенных на приграничных территориях Республики Казахстан;

      объектах, определенных в соответствии с международными договорами Республикой Казахстан.

      6. Функционирование объектов приграничной торговли осуществляется с учетом соблюдения правил техники безопасности, требований ветеринарных, санитарно-эпидемиологических, противопожарных и других требований, установленных законодательством Республики Казахстан для соответствующего объекта торговой деятельности.

      7. Субъект приграничной торговли, деятельность которого подлежит лицензированию, представляет потребителям информацию о номере и сроке действия лицензии, а также об органе ее выдавшем.

      Указанная информация размещается в удобных для ознакомления покупателем местах.

      8. При осуществлении приграничной торговли информация о происхождении товаров и их изготовителях доводится до сведения покупателей на государственном и русском языках, и при необходимости на других языках.

      9. Качество, упаковка и маркировка товара, его комплектность и документация, а также условия доставки товара соблюдаются продавцом с учетом требований, установленных законодательством Республики Казахстан, если иное не определено международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан.

3. Контроль за осуществлением приграничной торговли

      10. Контроль за соблюдением требований настоящих Правил осуществляется местным исполнительным органом района (города областного значения) в пределах его компетенции в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      11. Субъекты приграничной торговли за нарушение настоящих Правил несут ответственность в соответствии с законами Республики Казахстан, если иное не определено международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан.

      12. Таможенное регулирование на приграничной территории осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.