"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар 2007 жылы балық ресурстарының өсімін молайту, балық ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, балықтардың сирек кездесетін және бағалы түрлерінің тектік қорын сақтау және олардың табиғи мекендеу орындарында санын көбейту үшін сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар жұмыстарды беруші және қызметтер көрсетуші болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қосымшада көрсетілген заңды тұлғалармен 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 038 "Балық ресурстарын молайту" бюджеттік бағдарламасы бойынша 406365000 (төрт жүз алты миллион үш жүз алпыс бес мың) теңге сомасында көзделген қаражат есебінен шарттар жасасуды;
2) осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын бөлінген ақша қаражатының оңтайлы және тиімді пайдаланылу қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабының 3 және 4-тармақтарын орындауды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 9 сәуірдегі
N 277 қаулысына
қосымша
2007 жылы балық ресурстарының өсімін молайту, балық ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, балықтардың сирек кездесетін және бағалы түрлерінің тектік қорын сақтау және олардың табиғи мекендеу орындарында санын көбейту үшін сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар жұмыстарды берушілер мен қызметтерді көрсетушілердің тізбесі
Р/с |
Жұмыстарды беруші мен |
Жұмыстарды |
Жұмыстар мен қызметтердің |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
ҚР АШМ Балық шаруашылығы |
Атырау облысы |
Балық |
2. |
ҚР АШМ Балық шаруашылығы |
Ақмола облысы |
Балық |
3. |
ҚР АШМ Балық шаруашылығы |
Лисаковск |
Балық |
4. |
ҚР АШМ Балық шаруашылығы |
Петропавл |
Балық |
5. |
ҚР АШМ Балық шаруашылығы |
Қарағанды |
Балық |
6. |
ҚР АШМ Балық шаруашылығы |
Шардара қаласы |
Балық |
7. |
ҚР АШМ Балық шаруашылығы |
Қызылорда |
Балық |
8. |
ҚР АШМ Балық шаруашылығы |
Павлодар |
Балық |
9. |
ҚР АШМ Балық шаруашылығы |
Алматы қаласы |
Балық |
10. |
ҚР АШМ Балық шаруашылығы |
Алматы облысы |
Балық |
11. |
ҚР АШМ Балық шаруашылығы |
Шығыс |
Балық |
Ескерту :
ҚР АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
РМҚК - Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын