Маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 сәуірдегі N 277 Қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар 2007 жылы балық ресурстарының өсімін молайту, балық ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, балықтардың сирек кездесетін және бағалы түрлерінің тектік қорын сақтау және олардың табиғи мекендеу орындарында санын көбейту үшін сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар жұмыстарды беруші және қызметтер көрсетуші болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулыға қосымшада көрсетілген заңды тұлғалармен 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 038 "Балық ресурстарын молайту" бюджеттік бағдарламасы бойынша 406365000 (төрт жүз алты миллион үш жүз алпыс бес мың) теңге сомасында көзделген қаражат есебінен шарттар жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын бөлінген ақша қаражатының оңтайлы және тиімді пайдаланылу қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабының 3 және 4-тармақтарын орындауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2007 жылғы 9 сәуірдегі  
N 277 қаулысына    
қосымша     

2007 жылы балық ресурстарының өсімін молайту, балық ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, балықтардың сирек кездесетін және бағалы түрлерінің тектік қорын сақтау және олардың табиғи мекендеу орындарында санын көбейту үшін сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар жұмыстарды берушілер мен қызметтерді көрсетушілердің тізбесі

Р/с
N

Жұмыстарды беруші мен
қызметтерді көрсетушінің
атауы

Жұмыстарды
беруші мен
қызметтерді
көрсетушінің
орналасқан
жері

Жұмыстар мен қызметтердің
атауы

1

2

3

4

1.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы
комитетінің "Атырау
бекіре балық өсіру
зауыты" РМҚК

Атырау облысы
Еркінқала
ауылы

Балық
ресурстарын
молайту

2.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы
комитетінің "Майбалық
балық питомнигі" РМҚК

Ақмола облысы
Майбалық кенті

Балық
ресурстарын
молайту

3.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы
комитетінің "Жоғарғы
Тобыл балық питомнигі"
РМҚК

Лисаковск
қаласы

Балық
ресурстарын
молайту

4.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы
комитетінің "Петропавл
балық питомнигі" РМҚК

Петропавл 
қаласы

Балық
ресурстарын
молайту

5.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы
комитетінің "Қарағанды
балық питомнигі" РМҚК

Қарағанды
облысы
Новая
Солоничка
станциясы

Балық
ресурстарын
молайту

6.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы
комитетінің "Шардара
балық питомнигі" РМҚК

Шардара қаласы

Балық
ресурстарын
молайту

7.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы
комитетінің "Қамыстыбас
балық питомнигі" РМҚК

Қызылорда
облысы
Қосжар кенті

Балық
ресурстарын
молайту

8.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы
комитетінің "Қашыр балық
питомнигі" РМҚК

Павлодар
облысы
Қашыр ауданы

Балық
ресурстарын
молайту

9.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы
комитетінің "Қазақ өнді-
рістік-жерсіндіру
станциясы" РМҚК

Алматы қаласы

Балық
ресурстарын
молайту

10.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы
комитетінің "Қапшағай
уылдырық шашу-өсіру
шаруашылығы" РМҚК

Алматы облысы
Шалқар кенті

Балық
ресурстарын
молайту

11.

ҚР АШМ Балық шаруашылығы
комитетінің "Бұқтырма
уылдырық шашу-өсіру
шаруашылығы" РМҚК

Шығыс
Қазақстан
облысы
Мальковое
ауылы

Балық
ресурстарын
молайту

       Ескерту :
      ҚР АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
      РМҚК - Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады