Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің
91-бабы
6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204
қаулысына
мынадай
толықтыру енгізілсін:
10-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) 2007 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен 25000000000 (жиырма бес миллиард) теңгеден аспайтын сомаға алынған қарыз бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырсын.".
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі