Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 мамырдағы N 402 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
      2) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 21 мамырдағы
N 402 қаулысымен    
бекітілген      

Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы, "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі және "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленген және көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру тәртібін белгілейді.
      2. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялауды жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.
      3. Біліктілік талаптарына сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалар көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау саласындағы лицензиялау субъектілері болып табылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.07 № 527 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      4. Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.

2. Лицензия беру тәртібі

      5. Лицензия алу үшін жеке және заңды тұлғалар лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтінішті;
      2) заңды тұлға үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
      3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      6) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
      7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды.
      6. Лицензиар лицензия берген кезде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді.
      Ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің толықтығына және анықтығы үшін өтініш иесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады.
      Лицензиар өтінішті қарайды және барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей лицензия береді.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.06.07 № 527 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      7. Лицензия бас лицензия болып табылады және қолданылу мерзіміне шек қойылмай беріледі.
      8. Қызметтің лицензияланатын түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкалары, оны есептеу мен бюджетке төлеу және төленген соманы қайтару тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.07 № 527 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      9. Лицензияны өтініш берушіге немесе оның уәкілетті өкіліне беру сенімхат негізінде жүргізіледі.
      10. Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттарды лицензиар тіркейді, өтініш берушіге оның тіркеу нөмірі және тіркелген күні жазбаша түрде хабарланады.
      11. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      12. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген кезде лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқылы.
      Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, жарамсыз бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалу, бүліну фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.
      Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және оң жақ жоғары бұрышына «Телнұсқа» деген жазумен лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын береді.
      Лицензияның телнұсқасын алу үшін лицензиат лицензиялық алым төлейді.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.06.07 № 527 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      13. Егер лицензиар лицензия беру үшін белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензия бермеген не өтініш берушіні лицензия беруден бас тарту себебі туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, лицензия беру үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарды қызметтің өзі өтініш берген түрін жүзеге асыруды бастауы туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
      Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия беруге міндетті.

3. Лицензия беруден бас тарту

      14. Егер:
      1) субъектілердің осы санаты үшін бұл қызмет түрін жүзеге асыруға заңнамалық актілермен тыйым салынған;
      2) осы Ереженің 5-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негізде қаралады;
      3) қызметтің лицензияланатын түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
      4) өтініш беруші заңнамада белгіленген біліктілік талаптарына сай келмеген;
      5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайда лицензия беруден бас тартылады.
      15. Лицензия беруден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.07 № 527 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

4. Лицензияларды есепке алу және лицензияланатын қызметті бақылау

      16. Лицензиялардың тізілімін жүргізуді, сондай-ақ осы Ереженің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
      17. Біліктілік талаптары мен белгіленген ережелердің сақталуын тексеруді лицензиар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 21 мамырдағы
N 402 қаулысымен    
бекітілген       

      Ескерту. Біліктілік талаптарына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.07 № 527 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары:
      1) оқу құжаттамасының стенді;
      2) үлгі бағдарлама пәндері бойынша оқу жоспары мен тақырыптық жоспар;
      3) ұйымдар бекіткен үлгілер негізінде әзірленген оқыту бағдарламасы;
      4) сабақ кестесі;
      5) көлік жүргізу кестесі;
      6) бағыттар схемасы;
      7) даярлау мен қайта даярлаудың бекітілген үлгі және оқу бағдарламаларына сәйкес оқу үдерісін жүргізуді қамтамасыз ететін сабақтар өткізуге жарақталған үй-жай - жабдықтар (оқу және зертханалық) (жалға алу құқығындағы үй-жай мен жабдықтарды пайдалануға рұқсат беріледі);
      8) оқу өткізілетін әрбір санат бойынша бір данадан кем емес көлік құралы;
      9) автомобиль жүргізу жөніндегі оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері, олардың:
      автомобиль мамандығы бойынша жоғары немесе техникалық орта білімі;
      олар оқыту жүргізетін санаттағы жүргізуші куәлігі;
      кемінде бес жыл жүргізуші өтілі болуы тиіс;
      10) жүргізушілерді даярлау, қайта даярлау мәселелері бойынша өзектілендірілген нормативтік құжаттардың қоры болуын қамтиды.

Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований к деятельности по подготовке, переподготовке водителей транспортных средств

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2007 года N 402. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 124

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 19.01.2012 № 124 (вводится в действие по истечении 21 календарного дня после первого официального опубликования, но не ранее 30.01.2012).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 11 января 2007 года "О лицензировании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые:
      1) Правила лицензирования деятельности по подготовке, переподготовке водителей транспортных средств;
      2) квалификационные требования к деятельности по подготовке, переподготовке водителей транспортных средств.

      2. Настоящее постановление подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 9 августа 2007 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 21 мая 2007 года N 402

Правила
лицензирования деятельности по подготовке,
переподготовке водителей транспортных средств

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила лицензирования деятельности по подготовке, переподготовке водителей транспортных средств (далее - Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 21 декабря 1995 года " Об органах внутренних дел Республики Казахстан", от 15 июля 1996 года " О безопасности дорожного движения " и от 11 января 2007 года " О лицензировании " и определяют порядок выдачи лицензий на осуществление деятельности по подготовке , переподготовке водителей транспортных средств.

      2. Лицензирование деятельности по подготовке, переподготовке водителей транспортных средств осуществляется уполномоченным органом в области безопасности дорожного движения (далее - лицензиар).

      3. Субъектами лицензирования в сфере подготовки, переподготовки водителей транспортных средств являются физические и юридические лица, соответствующим квалификационным требованиям.
      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 07.06.2010 № 527 (порядок введения в действие см. п. 2).

      4. Лицензия является неотчуждаемой и не может быть передана лицензиатом другому физическому или юридическому лицу.

2. Порядок выдачи лицензии

      5. Для получения лицензии физические и юридические лица представляют лицензиару следующие документы:
      1) заявление;
      2) нотариально заверенные копии устава и свидетельства о государственной регистрации заявителя в качестве юридического лица - для юридического лица;
      3) копию документа, удостоверяющего личность, - для физического лица;
      4) нотариально заверенную копию свидетельства о государственной регистрации заявителя в качестве индивидуального предпринимателя - для индивидуального предпринимателя;
      5) нотариально заверенную копию свидетельства о постановке заявителя на учет в налоговом органе;
      6) документ, подтверждающий уплату в бюджет лицензионного сбора за право занятия отдельными видами деятельности;
      7) сведения и документы в соответствии с квалификационными требованиями.

      6. Лицензиар проверяет соответствие заявителя квалификационным требованиям при выдаче лицензии.
      Ответственность за полноту и достоверность сведений, содержащихся в представленных документах, несет заявитель в порядке, установленном законами Республики Казахстан.
      Лицензиар рассматривает заявление и выдает лицензию не позднее тридцати рабочих дней, а для субъектов малого предпринимательства не позднее десяти рабочих дней со дня подачи заявления со всеми необходимыми документами.
      Сноска. Пункт 6 в редакции постановления Правительства РК от 07.06.2010 № 527 (порядок введения в действие см. п. 2).

      7. Лицензия является генеральной и выдается без ограничения срока действия.

      8. Ставки, порядок исчисления и уплаты в бюджет лицензионного сбора за право занятия лицензируемым видом деятельности и возврата уплаченных сумм определяются в соответствии с Налоговым кодексом Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 8 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 07.06.2010 № 527 (порядок введения в действие см. п. 2).

      9. Выдача лицензии производится заявителю или его уполномоченному представителю на основании доверенности.

      10. Заявление и прилагаемые к нему документы регистрируются лицензиаром, заявителю письменно сообщается его регистрационный номер и дата регистрации.

      11. Приостановление действия, лишение лицензии осуществляются в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан об административных правонарушениях.

      12. При утере, порче лицензии и (или) приложения к лицензии лицензиат имеет право на получение дубликатов лицензии и (или) приложения к лицензии.
      Утерянные, испорченные бланки лицензии и (или) приложения к лицензии считаются недействительными со дня подачи лицензиатом письменного заявления (с приложением документов, подтверждающих факт утери, порчи лицензии и (или) приложения к лицензии) лицензиару.
      Лицензиар в течение десяти рабочих дней со дня подачи заявления производит выдачу дубликатов лицензии и (или) приложения к лицензии с присвоением нового номера и надписью "Дубликат" в правом верхнем углу.
      Для получения дубликата лицензии лицензиат уплачивает лицензионный сбор.
      Сноска. Пункт 12 в редакции постановления Правительства РК от 07.06.2010 № 527 (порядок введения в действие см. п. 2).

      13. В случае если лицензиар в сроки, установленные для выдачи лицензии, не выдал заявителю лицензию либо письменно не уведомил заявителя о причине отказа в выдаче лицензии, то по истечении пяти рабочих дней с даты истечения сроков, установленных для выдачи лицензии, заявитель письменно уведомляет лицензиара о начале осуществления заявленного им вида деятельности.
      Лицензиар не позднее пяти рабочих дней с момента получения письменного уведомления заявителя обязан выдать лицензию с даты, указанной заявителем в письменном уведомлении.

3. Отказ в выдаче лицензии

      14. В выдаче лицензии отказывается в случаях, если:
      1) осуществление данного вида деятельности законодательными актами запрещено для данной категории субъектов;
      2) не представлены все документы, требуемые в соответствии с пунктом 5 настоящих Правил. При устранении заявителем указанных препятствий заявление рассматривается на общих основаниях;
      3) не внесен лицензионный сбор за право занятия лицензируемым видом деятельности;
      4) заявитель не соответствует квалификационным требованиям, установленным законодательством;
      5) в отношении заявителя имеется вступивший в законную силу приговор суда, запрещающий ему занятие данным видом деятельности.
      Сноска. Пункт 14 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 07.06.2010 № 527 (порядок введения в действие см. п. 2).

      15. При отказе в выдаче лицензии заявителю дается мотивированный ответ в письменном виде в сроки, установленные для выдачи лицензии.

4. Учет лицензий и контроль за лицензируемой деятельностью

      16. Лицензиар осуществляет ведение реестра лицензий, а также контроль за соблюдением настоящих Правил.

      17. Проверка соблюдения квалификационных требований и установленных правил производится лицензиаром в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан .

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 21 мая 2007 года N 402

Квалификационные требования к деятельности по подготовке,
переподготовке водителей транспортных средств

      Сноска. Квалификационные требования с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 07.06.2010 № 527 (порядок введения в действие см. п. 2).

      Квалификационные требования, предъявляемые к заявителю при лицензировании деятельности по подготовке, переподготовке водителей транспортных средств, включают наличие:
      1) стенда учебной документации;
      2) учебного плана и тематического плана по предметам типовой программы;
      3) программы обучения, разработанной на основании типовых, утвержденных организациями;
      4) расписания занятий;
      5) графика вождения;
      6) схемы маршрутов;
      7) оснащенного помещения для проведения занятий - оборудование (учебное и лабораторное), обеспечивающее ведение учебного процесса в соответствии с утвержденными типовыми и учебными программами подготовки и переподготовки (допускается использовать помещение и оборудование на правах аренды);
      8) транспортных средств, не менее одной единицы, для каждой категории по которой будет проводиться обучение;
      9) преподавателей и мастеров производственного обучения по вождению автомобиля, которые должны иметь:
      высшее или среднетехническое образование по автомобильной специальности;
      водительское удостоверение той категории, по которой они будут проводить обучение;
      водительский стаж не менее пяти лет;
      10) фонда актуализированных нормативных документов по вопросам подготовки, переподготовки водителей.