Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы N 415 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

      "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің

      жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау

      жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 24 мамырдағы
№ 415 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 950 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың қауіпсіз ортасын қамтамасыз ету және құқықтық қорғау басқармасының басшысы, хатшы

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық орталығының жетекшісі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының консультанты (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің директоры

      "Әйелдердің шығармашылық бастама лигасы" қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы" басқармасының төрағасы (келісу бойынша).

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 24 мамырдағы
N 415 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 950 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар тұжырымдау мақсатында құрылды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 950 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы

      консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Бала құқықтары туралы" заңдарын, осы ережені, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды басшылыққа алады.

2-тарау. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 950 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:

      1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау;

      2) мемлекеттiк органдардың кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, жөніндегі қызметін жетілдіруге, сондай-ақ оларды әлеуметтік оңалтуға бағытталған бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлеу;

      3) баланың құқықтарын қорғау жөнiндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, күтіп-бағу жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысу;

      4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездікпен қараудың жай-күйін зерделеу және осы мәселелер бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;

      5) баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар желiсiн дамытуға жәрдем көрсету және олардың қызметiнiң мониторингiн қамтамасыз ету;

      6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдардың оң жұмыс тәжiрибесiн жинақтау және тарату, оларға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету;

      7) мүдделi мемлекеттiк органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде жүргiзген жұмыстары туралы есептерiн тыңдау және жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша олардың арасында ақпарат алмасуды ұйымдастыру;

      8) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған не арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруға мүдделі органдардың қызметін үйлестіру, сондай-ақ өмірде қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту жөніндегі өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      9) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы жөнінде жүргiзiлген жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастыру;

      10) кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған комиссиялардың қызметіне мониторингті жүзеге асыру;

      11) кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіру.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 950 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Комиссияның құқықтары

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 950 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Комиссияның:

      1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар, ұсыныстар тұжырымдауға;

      2) мемлекеттік және басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;

      3) мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есептерін тыңдауға және олардың арасында жетекшілік ететін мәселелер бойынша ақпарат алмасуды ұйымдастыруға;

      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылған нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстар тұжырымдау үшін уақытша немесе тұрақты жұмыс істейтін жұмыс топтарын ұйымдастыруға;

      5) мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларын белгіленген тәртіппен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру бойынша жұмыстың жай-күйі мен кемшіліктері туралы хабардар етуге;

      6) жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен қалпына келтіруде өзара іс-қимыл жасауға құқығы бар.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 950 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 950 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Комиссия төрағасы Комиссия қызметіне басшылық жасайды,

      Комиссия отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіру үшін және Комиссия әзірлейтін шешімдер үшін дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды. Комиссияның отырыстарына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық құқық қорғау ұйымдарының өкілдері қатыса алады.

      7. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан

      Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктеледі.

      8. Комиссияның жұмыс органы:

      1) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;

      2) Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және

      бақылайды;

      3) Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.

      9. Комиссия отырыстарында қарауға арналған мәселелердің тізбесі қажеттілігіне қарай жасалады, оны төраға бекітеді және Комиссия мүшелеріне тізім бойынша жөнелтіледі.

      10. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиісті құжаттарды,

      материалдарды дайындауды және Комиссия отырысының хаттамасын

      ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.

      Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

      11. Комиссия хатшысы отырысқа дейін үш күннен кешіктірмей

      Комиссия мүшелеріне барлық қажетті құжаттарды жібереді.

      12. Комиссия отырысы Комиссия төрағасының не оның орынбасарының (төрағаның тапсырмасы бойынша) басшылығымен тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және егер оған оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі. Шұғыл шешім қабылдау және дағдарыстық жағдайларға ден қою қажет болған жағдайларда төрағаның шақыруы бойынша кезектен тыс отырыс өткізіледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 950 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Комиссияның шешімдері жай көпшілік дауыспен қабылданады,

      отырысқа төрағалық етуші қол қоятын хаттамалармен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады.

      14. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады.

      14-1. Комиссияның шешімдері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың есептілігі Комиссия қызметіне мониторинг жүргізу үшін жарты жылда бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберіледі.

      Ескерту. 4-тарау 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 950 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде баяндалады және Комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.

5-тарау. Комиссияның қызметін тоқтату

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 950 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссия қызметін

      тоқтату үшін негіз болып табылады.

О создании Межведомственной комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав при Правительстве Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 мая 2007 года N 415. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2022 года № 268.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.04.2022 № 268.

      В соответствии со статьей 7 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "О профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждении детской безнадзорности и беспризорности" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать Межведомственную комиссию по делам несовершеннолетних и защите их прав при Правительстве Республики Казахстан (далее - Комиссия) в составе согласно приложению.

      2. Утвердить прилагаемое Положение о Комиссии.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

Премьер-Министр
Республики Казахстан



  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 24 мая 2007 года № 415

Состав
Межведомственной комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав при Правительстве Республики Казахстан

      Сноска. Приложение - в редакции постановления Правительства РК от 30.12.2020 № 950 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Министр образования и науки Республики Казахстан, председатель

      вице-министр образования и науки Республики Казахстан, заместитель председателя

      руководитель управления обеспечения безопасной среды и правовой защиты детей Комитета по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан, секретарь

      вице-министр здравоохранения Республики Казахстан

      вице-министр труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

      вице-министр индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

      вице-министр культуры и спорта Республики Казахстан

      заместитель Министра обороны Республики Казахстан

      вице-министр национальной экономики Республики Казахстан

      вице-министр информации и общественного развития Республики Казахстан

      руководитель Национального центра по правам человека Республики Казахстан (по согласованию)

      консультант Секретариата Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте Республики Казахстан (по согласованию)

      председатель Комитета административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан

      председатель Комитета по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан

      директор Департамента консульской службы Министерства иностранных дел Республики Казахстан

      председатель правления общественного объединения "Лига женщин творческой инициативы" (по согласованию)

      председатель правления Союза кризисных центров Казахстана (по согласованию).

  Утверждено
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 24 мая 2007 года N 415

ПОЛОЖЕНИЕ
о Межведомственной комиссии по делам
несовершеннолетних и защите их прав при Правительстве
Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 - в редакции постановления Правительства РК от 30.12.2020 № 950 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Межведомственная комиссия по делам несовершеннолетних и защите их прав при Правительстве Республики Казахстан (далее – Комиссия) образована в целях выработки предложений по обеспечению реализации государственной политики в сфере профилактики правонарушений, безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних, защиты их прав и законных интересов, защиты несовершеннолетних от насилия и жестокого обращения, антиобщественных действий среди несовершеннолетних.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правительства РК от 30.12.2020 № 950 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Комиссия является консультативно-совещательным органом при Правительстве Республики Казахстан.

      3. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан " О профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждении детской безнадзорности и беспризорности", " О правах ребенка " настоящим Положением, иными нормативными правовыми актами, а также международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан.

Глава 2. Основные задачи и функции Комиссии

      Сноска. Заголовок главы 2 - в редакции постановления Правительства РК от 30.12.2020 № 950 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Основными задачами и функциями Комиссии являются:

      1) осуществление мер по защите и восстановлению прав и законных интересов несовершеннолетних, выявление и устранение причин и условий, способствующих совершению правонарушений среди несовершеннолетних, предупреждение детской безнадзорности и беспризорности, защита несовершеннолетних от насилия и жестокого обращения, антиобщественных действий среди несовершеннолетних;

      2) разработка программы и методики, направленных на совершенствование деятельности государственных органов по профилактике правонарушений, безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних, насилия и жестокого обращения в отношении несовершеннолетних, также их социальную реабилитацию;

      3) участие в обеспечении контроля за условиями воспитания, обучения, содержания несовершеннолетних в организациях, осуществляющих функции по защите прав ребенка;

      4) изучение состояния правонарушений среди несовершеннолетних, детской безнадзорности и беспризорности, а также насилия и жестокого обращения в отношении несовершеннолетних и организация проведения социологических исследований по этим вопросам;

      5) оказание содействия в развитии сети организаций, осуществляющих функции по защите прав ребенка, и обеспечение мониторинга их деятельности;

      6) обобщение и распространение положительного опыта работы органов и организаций, занимающихся профилактикой правонарушений, безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних, насилия и жестокого обращения в отношении несовершеннолетних, оказание им методической и практической помощи;

      7) заслушивание отчетов руководителей заинтересованных государственных органов о проводимой работе по профилактике правонарушений, безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних, насилия и жестокого обращения в отношении несовершеннолетних, защите и восстановлению их прав и законных интересов и организация обмена информацией между ними по курируемым вопросам;

      8) координация деятельности заинтересованных органов в трудовом и бытовом устройстве несовершеннолетних, освобожденных из учреждений уголовно-исполнительной системы либо вернувшихся из специальных организаций образования и организаций образования с особым режимом содержания, а также в осуществлении иных функций по социальной реабилитации несовершеннолетних, находящихся в трудной жизненной ситуации;

      9) организация в средствах массовой информации освещения проводимой работы по профилактике правонарушений, безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних, насилия и жестокого обращения в отношении несовершеннолетних;

      10) осуществление мониторинга деятельности нижестоящих комиссий по делам несовершеннолетних и защите их прав;

      11) координация деятельности нижестоящих комиссий по делам несовершеннолетних и защите их прав.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции постановления Правительства РК от 30.12.2020 № 950 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 3. Права Комиссии

      Сноска. Заголовок главы 3 - в редакции постановления Правительства РК от 30.12.2020 № 950 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Комиссия имеет право:

      1) вырабатывать рекомендации, предложения по вопросам, входящим в ее компетенцию;

      2) в установленном законодательством порядке запрашивать и получать от государственных и других организаций материалы, необходимые для реализации задач Комиссии;

      3) заслушивать отчеты руководителей заинтересованных государственных органов о проводимой работе по профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждению детской безнадзорности и беспризорности, насилия и жестокого обращения в отношении несовершеннолетних, защите и восстановлению их прав и законных интересов и организовывать обмен информацией между ними по курируемым вопросам;

      4) организовывать временно или постоянно действующие рабочие группы для выработки предложений по конкретным проблемам и вопросам, отнесенным к компетенции Правительства Республики Казахстан;

      5) в установленном порядке информировать руководителей заинтересованных государственных органов о состоянии и недостатках в работе по профилактике правонарушений, безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних, насилия и жестокого обращения в отношении несовершеннолетних, защите и восстановлению их прав и законных интересов;

      6) взаимодействовать с местными исполнительными органами, общественными объединениями и иными организациями, а также средствами массовой информации в решении проблем по профилактике правонарушений, безнадзорности и беспризорности среди несовершеннолетних, насилия и жестокого обращения в отношении несовершеннолетних, защите и восстановлению их прав и законных интересов.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции постановления Правительства РК от 30.12.2020 № 950 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 4. Организация деятельности Комиссии

      Сноска. Заголовок главы 4 - в редакции постановления Правительства РК от 30.12.2020 № 950 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Председатель Комиссии руководит деятельностью Комиссии, председательствует на заседаниях Комиссии, планирует ее работу, осуществляет общий контроль над реализацией ее решений и несет в соответствии с действующим законодательством персональную ответственность за деятельность, осуществляемую Комиссией, а также межотраслевую, межведомственную координацию и за решения, вырабатываемые Комиссией. Во время отсутствия председателя его функции выполняет заместитель. В заседаниях Комиссии могут принимать участие депутаты Парламента Республики Казахстан, представители заинтересованных государственных органов, общественных объединений и международных правозащитных организаций.

      7. Функции рабочего органа Комиссии возлагаются на Министерство образования и науки Республики Казахстан.

      8. Рабочий орган Комиссии:

      1) формирует повестку дня заседания Комиссии;

      2) обеспечивает и контролирует выполнение решений Комиссии;

      3) координирует работу членов Комиссии и привлеченных к ее деятельности специалистов.

      9. Перечень вопросов для рассмотрения на заседаниях Комиссии составляется по мере необходимости, утверждается председателем и рассылается членам Комиссии по списку.

      10. Организацию работы Комиссии, подготовку соответствующих документов, материалов и оформление протокола заседания Комиссии осуществляет секретарь Комиссии.

      Секретарь не является членом Комиссии.

      11. Секретарь Комиссии не позднее, чем за три дня до заседания, направляет членам Комиссии все необходимые документы.

      12. Заседание Комиссии проводится под руководством председателя Комиссии либо его заместителя (по поручению председателя) не реже одного раза в квартал и считается правомочным, если на нем присутствуют не менее двух третей ее членов. В случаях, когда необходимо принятие срочного решения и реагирование на кризисные ситуации, проводится внеочередное заседание по созыву председателя.

      Сноска. Пункт 12 - в редакции постановления Правительства РК от 30.12.2020 № 950 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13. Решения Комиссии принимаются простым большинством голосов, оформляются протоколами, которые подписываются председательствующим на заседании. В случае равенства голосов, принятым считается решение, за которое проголосовал председатель. По результатам проведения заседаний Комиссии составляется протокол, подписываемый в обязательном порядке всеми ее членами.

      14. Решения Комиссии носят рекомендательный характер.

      14-1. Решения Комиссии, отчетность центральных и местных государственных органов направляются в Правительство Республики Казахстан один раз в полгода для проведения мониторинга деятельности Комиссии.

      Сноска. Положение дополнено пунктом 14-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 30.12.2020 № 950 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. Члены Комиссии имеют право на особое мнение, которое в случае его выражения излагается в письменном виде и прилагается к протоколу заседания Комиссии.

Глава 5. Прекращение деятельности Комиссии

      Сноска. Заголовок главы 5 - в редакции постановления Правительства РК от 30.12.2020 № 950 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      16. Основанием для прекращения деятельности Комиссии является решение Правительства Республики Казахстан.