"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 950 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 21, 267-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар тұжырымдау мақсатында құрылды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:

      1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау;

      2) мемлекеттiк органдардың кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, жөніндегі қызметін жетілдіруге, сондай-ақ оларды әлеуметтік оңалтуға бағытталған бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлеу;

      3) баланың құқықтарын қорғау жөнiндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, күтіп-бағу жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысу;

      4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездікпен қараудың жай-күйін зерделеу және осы мәселелер бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;

      5) баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар желiсiн дамытуға жәрдем көрсету және олардың қызметiнiң мониторингiн қамтамасыз ету;

      6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдардың оң жұмыс тәжiрибесiн жинақтау және тарату, оларға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету;

      7) мүдделi мемлекеттiк органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде жүргiзген жұмыстары туралы есептерiн тыңдау және жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша олардың арасында ақпарат алмасуды ұйымдастыру;

      8) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған не арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруға мүдделі органдардың қызметін үйлестіру, сондай-ақ өмірде қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту жөніндегі өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      9) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы жөнінде жүргiзiлген жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастыру;

      10) кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған комиссиялардың қызметіне мониторингті жүзеге асыру;

      11) кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіру.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Комиссияның құқықтары";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Комиссияның:

      1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар, ұсыныстар тұжырымдауға;

      2) мемлекеттік және басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;

      3) мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есептерін тыңдауға және олардың арасында жетекшілік ететін мәселелер бойынша ақпарат алмасуды ұйымдастыруға;

      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылған нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстар тұжырымдау үшін уақытша немесе тұрақты жұмыс істейтін жұмыс топтарын ұйымдастыруға;

      5) мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларын белгіленген тәртіппен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру бойынша жұмыстың жай-күйі мен кемшіліктері туралы хабардар етуге;

      6) жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен қалпына келтіруде өзара іс-қимыл жасауға құқығы бар.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Комиссия отырысы Комиссия төрағасының не оның орынбасарының (төрағаның тапсырмасы бойынша) басшылығымен тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және егер оған оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі. Шұғыл шешім қабылдау және дағдарыстық жағдайларға ден қою қажет болған жағдайларда төрағаның шақыруы бойынша кезектен тыс отырыс өткізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Комиссияның шешімдері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың есептілігі Комиссия қызметіне мониторинг жүргізу үшін жарты жылда бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберіледі.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Комиссияның қызметін тоқтату".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 950 қаулысына
қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 24 мамырдағы
№ 415 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың қауіпсіз ортасын қамтамасыз ету және құқықтық қорғау басқармасының басшысы, хатшы

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық орталығының жетекшісі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының консультанты (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің директоры

      "Әйелдердің шығармашылық бастама лигасы" қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы" басқармасының төрағасы (келісу бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады