Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі N 369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 жылғы 3 сәуірдегі N 369 Жарлығына
өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне
Мемлекеттік стипендия тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы
Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі N 369 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбындағы»"Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия" деген сөздер»"Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы»"Көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлері үшін" деген сөздер»"Мәдениет саласында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) және 2) тармақшалар алынып тасталсын;
3) тармақшадағы»"Мемлекеттік стипендияға" деген сөздер»"мемлекеттік стипендияларға" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті