Қазақстан Республикасының шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 480 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының " Халықты жұмыспен қамту туралы " 2001 жылғы 23 қаңтардағы және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету  жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі ;
      2) Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға лицензия беру мәселелері жөніндегі тәртіптерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 862 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 29, 280-құжат):
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азаматтарға шетелде жұмысқа орналасу жөнінде делдалдық көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы";
      кіріспедегі»"Лицензиялау туралы" деген сөздер алып тасталсын;
      1-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері»туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1132 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 43, 540-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті туралы ережеде:
      11-тармақтың 11) және 14) тармақшалары алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 862 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 мамырдағы N 709 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы»11 маусымдағы
N 480 қаулысымен 
бекітілген 

Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының " Халықты жұмыспен қамту туралы " 2001 жылғы 23 қаңтардағы және " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді әрі жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметке лицензия беруді халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын үйлестіруші орталық атқарушы орган (бұдан әрі - лицензиар) жүргізеді.

      3. Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметке лицензия қолданылу мерзімі шектеусіз берілетін бас лицензия болып табылады.

2. Лицензияны беру шарттары мен тәртібі

      4. Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметке лицензия алу үшін өтініш беруші лицензиарға Заңның  42-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.

      5. Лицензия иеліктен шығарылмайтын болып табылады және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.

      6. Лицензияны лицензиар Заңда белгіленген мерзімде береді.

      7. Егер лицензиар Заңда белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны бермеген не өтініш берушіні лицензияны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, осы Ережеде лицензияны беру үшін белгіленген мерзімдер өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші тиісті лицензиарды қызметтің өзі мәлімдеген түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
      Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш беруші жазбаша хабарламасында көрсеткен күннен бастап лицензияны беруге міндетті.

      8. Лицензия беруден лицензиар мынадай жағдайларда, егер:
      1) субъектілердің осы санаты үшін Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынса;
      2) заңға сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаса. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады;
      3) Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмесе;
      4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
      5) өтініш берушіге қатысты, оған Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі бар болса бас тартады.

      9. Лицензия беруден бас тартқан кезде лицензиар өтініш берушіге дәлелді жауапты жазбаша түрде лицензия беру үшін белгіленген мерзімде береді.

      10. Егер лицензия Заңмен белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензия беруден бас тарту өтініш берушіге негізсіз болып көрінсе, ол бұл әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.

3. Лицензияны қайта ресімдеу және телнұсқасын беру

      11. Лицензиясы жоғалған, бүлінген кезде лицензиат лицензияның телнұсқаларын алуға құқылы.
      Лицензияның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады.
      Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғары оң жақ бұрышында "Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді.

      12. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, заңды тұлғаның атауы өзгерген кезде ол отыз күнтізбелік күн ішінде, көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
      Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны қайта ресімдейді.

4. Лицензияның қолданылуын тоқтату, тоқтата тұру, одан айыру

      13. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:
      1) лицензия алып қойылғанда;
      2) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
      3) лицензия лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;
      4) лицензияланатындардың тізбесінен көрсетілген қызмет түрі және (немесе) қызметтің кіші түрі алып тасталса тоқтатылады.

      14. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.

      15. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының сақталуын бақылау

      16. Лицензиат Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сай болуы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауы тиіс.

      17. Лицензиаттардың лицензиялау саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауын бақылау лицензиарға жүктеледі.

      18. Лицензиялық нормаларды және осы Ережені бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 11 маусымдағы
N 480 қаулысымен   
бекітілген   

Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
      1) білімі туралы құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерімен расталатын жоғары немесе орта арнаулы заңгерлік білімі бар қызметкерлердің;
      2) жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттың немесе мүліктік жалдау (жалға алу) шартының нотариалды куәландырылған көшірмесімен расталатын, офис үшін меншікті немесе жалға алған үй-жайдың;
      3) еңбек биржаларымен, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін, өтініш берушінің ақпаратымен расталатын компьютерлер мен телекоммуникациялық жабдықтардың;
      4) нотариалды куәландырылған көшірмесімен расталатын, шетелдік жұмыспен қамту агенттігімен ынтымақтастық туралы кемінде бір шарттың болуын көздейді.

Об утверждении Правил лицензирования и квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по вывозу рабочей силы из Республики Казахстан за границу

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2007 года N 480. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 124

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 19.01.2012 № 124 (вводится в действие по истечении 21 календарного дня после первого официального опубликования, но не ранее 30.01.2012).

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года " О занятости населения " и от 11 января 2007 года " О лицензировании " Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые:
      1) Правила лицензирования деятельности по вывозу рабочей силы из Республики Казахстан за границу;
      2) квалификационные требования , предъявляемые к деятельности по вывозу рабочей силы из Республики Казахстан за границу.

      2. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения:
      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 25 июня 1999 года N 862 "Об утверждении Правил по вопросам лицензирования привлечения иностранной рабочей силы и вывоза рабочей силы из Республики Казахстан за границу" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 29, ст. 280):
      заголовок изложить в следующей редакции:
      "О некоторых вопросах оказания посреднической помощи гражданам по трудоустройству за границей";
      в преамбуле слова "О лицензировании"," исключить;
      абзац второй пункта 1 исключить;
      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2004 года N 1132 "Некоторые вопросы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., N 43, ст. 540):
      в Положении о Комитете по миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      подпункты 11) и 14) пункта 11 исключить.

      3. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 15 мая 2000 года N 709 "О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 июня 1999 года N 862".

      4. Настоящее постановление подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 9 августа 2007 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 11 июня 2007 года N 480

Правила лицензирования
деятельности по вывозу рабочей силы из
Республики Казахстан за границу

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила лицензирования деятельности по вывозу рабочей силы из Республики Казахстан за границу (далее - Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года " О занятости населения " и от 11 января 2007 года " О лицензировании " (далее - Закон) и определяют порядок выдачи лицензии физическим и юридическим лицам на занятие деятельностью по вывозу рабочей силы из Республики Казахстан за границу.

      2. Выдача лицензий на деятельность по вывозу рабочей силы из Республики Казахстан за границу производится центральным исполнительным органом, координирующим реализацию государственной политики в сфере занятости населения (далее - лицензиар).

      3. Лицензия на деятельность по вывозу рабочей силы из Республики Казахстан за границу является генеральной, выдаваемой без ограничения срока действия.

2. Условия и порядок выдачи лицензии

      4. Для получения лицензии на деятельность по вывозу рабочей силы из Республики Казахстан за границу заявитель представляет лицензиару документы, предусмотренные статьей 42 Закона.

      5. Лицензия является неотчуждаемой и не может быть передана лицензиатом другому физическому или юридическому лицу.

      6. Лицензия выдается лицензиаром в сроки, установленные Законом .

      7. В случае если лицензиар в установленные Законом сроки не выдал заявителю лицензию либо письменно не уведомил заявителя о причине отказа в выдаче лицензии, то по истечении пяти рабочих дней с даты истечения сроков, установленных настоящими Правилами для выдачи лицензии, заявитель письменно уведомляет соответствующего лицензиара о начале осуществления заявленного им вида деятельности.
      Лицензиар не позднее пяти рабочих дней с момента получения письменного уведомления заявителя обязан выдать лицензию с даты, указанной заявителем в письменном уведомлении.

      8. В выдаче лицензии лицензиар отказывает в случаях, если:
      1) занятие видом деятельности по вывозу рабочей силы из Республики Казахстан за границу запрещено законами Республики Казахстан для данной категории субъектов ;
      2) не представлены все документы, требуемые в соответствии с Законом . При устранении заявителем указанных препятствий заявление рассматривается на общих основаниях;
      3) не внесен лицензионный сбор за право занятия видом деятельности по вывозу рабочей силы из Республики Казахстан за границу;
      4) заявитель не соответствует квалификационным требованиям;
      5) в отношении заявителя имеется вступивший в законную силу приговор суда, запрещающий ему заниматься деятельностью по вывозу рабочей силы из Республики Казахстан за границу.

      9. При отказе в выдаче лицензии лицензиаром заявителю дается мотивированный ответ в письменном виде в сроки, установленные для выдачи лицензии.

      10. Если лицензия не выдана в установленный Законом срок или отказ в выдаче лицензии представляется заявителю необоснованным, он вправе обжаловать эти действия в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан .

3. Переоформление и выдача дубликата лицензии

      11. При утере, порче лицензии лицензиат имеет право на получение дубликатов лицензии.
      Утерянные, испорченные бланки лицензии считаются недействительными со дня подачи лицензиатом письменного заявления (с приложением документов, подтверждающих факт утери, порчи лицензии) лицензиару.
      Лицензиар в течение десяти рабочих дней со дня подачи заявления выдает дубликат лицензии с присвоением нового номера и надписью "Дубликат" в правом верхнем углу.

      12. В случае изменения фамилии, имени, отчества физического лица, при реорганизации юридического лица в форме слияния, присоединения, выделения или преобразования, изменении наименования, оно обязано в течение тридцати календарных дней подать заявление о переоформлении лицензии с приложением соответствующих документов, подтверждающих указанные сведения.
      Лицензиар в течение десяти рабочих дней со дня подачи лицензиатом соответствующего письменного заявления переоформляет лицензию.

4. Прекращение, приостановление действия, лишение лицензии

      13. Лицензия прекращает свое действие в случаях:
      1) лишения лицензии;
      2) прекращения деятельности физического лица, ликвидации юридического лица, реорганизации юридического лица, за исключением реорганизации в форме слияния, присоединения, выделения или преобразования;
      3) добровольного возврата лицензии лицензиару;
      4) исключения указанного вида деятельности и (или) подвида деятельности из перечня лицензируемых.

      14. При прекращении действия лицензии лицензиат обязан в течение десяти рабочих дней вернуть лицензию лицензиару.

      15. Приостановление действия, лишение лицензии осуществляются в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан об административных правонарушениях .

5. Контроль за соблюдением законодательства
Республики Казахстан о лицензировании

      16. Лицензиат должен соответствовать квалификационным требованиям, предъявляемым к деятельности по вывозу рабочей силы из Республики Казахстан за границу, и соблюдать действующее законодательство Реcпублики Казахстан.

      17. Контроль за соблюдением лицензиатами требований законодательства в области лицензирования возлагается на лицензиара.

      18. Нарушение лицензионных норм и настоящих Правил влечет ответственность согласно законодательству Республики Казахстан .

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 11 июня 2007 года N 480

Квалификационные требования,
предъявляемые к деятельности по вывозу
рабочей силы из Республики Казахстан за границу

      Квалификационные требования, предъявляемые к деятельности по вывозу рабочей силы из Республики Казахстан за границу, предусматривают наличие:
      1) работников, имеющих высшее или среднее специальное юридическое образование, подтверждаемое нотариально заверенными копиями документов об образовании;
      2) собственного или арендованного помещения для офиса, подтверждаемое нотариально заверенной копией документа, подтверждающего право собственности на недвижимое имущество или договора имущественного найма (аренды);
      3) компьютеров и телекоммуникационного оборудования, обеспечивающего взаимодействие с биржами труда, информационно-аналитическим центром по вопросам занятости, подтверждаемое информацией заявителя;
      4) не менее одного договора о сотрудничестве с иностранным агентством занятости, подтверждаемого нотариально заверенной копией.