Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 25 маусымдағы N 862 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 15 мамыр N 709. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.11. N 480 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.11. N  480  (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. "Шетелдiк жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға лицензия беру мәселелерi жөнiндегi тәртiптердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 25 маусымдағы N 862  қаулысына  (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ПYКЖ-ы, 1999 жылғы N 29, 280-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензия берудiң тәртiптерiнде: 
      20 және 21-тармақтардың бiрiншi абзацтарында: "жұмыс күшiн тартуға" деген сөздерден кейін "және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығару қызметiне" деген сөздермен толықтырылсын; 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде еңбек және кәсiптiк қызметін жүзеге асыруының тәртiптерiнде: 
      2-тармағы "шетелдiктер" деген сөзден кейiн "(Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды тұлғаның құрылтайшыларын қоса алғанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында олар берiлген лауазымдар шеңберiнде қолданылады";
      9-тармақтың 1) тармақшасы "немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмдердiң шеңберiнде сарапшы болып табылатын болса" деген сөздермен толықтырылсын;
      2. Осы қаулы қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.     

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады