Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 54-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу жөнінде мамандандырылған аукцион өткізу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне сату жөнінде мамандандырылған аукцион өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 мамырдағы N 569
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 15, 158-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 мамырдағы N 569 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы N 59 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 2, 22-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 21 маусымдағы
N 522 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "салық органы", "салық органынан", "салық органын", "салық органына" деген сөздер "салық немесе кеден органы", "салық немесе кеден органынан", "салық немесе кеден органын", "салық немесе кеден органына" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.04. N 91 Қаулысымен.
Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін
салық берешегі есебіне өткізу жөнінде
мамандандырылған аукцион өткізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу жөнінде мамандандырылған аукцион (бұдан әрі - аукцион) өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
аукционшы - конкурстың жеңімпазы деп танылған жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
аукционшыны және (немесе) бағалаушыны айқындау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы) - мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелердің орындалуын салықтық бағылауды қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік орган және/немесе кеден ісі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) немесе оның тапсырмасы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы салық немесе кеден органы;
бағалаушы - бағалау қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар және конкурстың жеңімпазы деп танылған жеке немесе заңды тұлға;
сатушы - мүлкі салық берешегі есебіне билік ету шектелген және аукционда сатуға жататын салық төлеуші;
салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін өткізу жөніндегі мамандандырылған аукцион - салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін (бұдан әрі - мүлік) салық берешегі есебіне өткізу жөніндегі конкурстық сауда-саттық;
аукционға қатысушы - аукционға шығарылған мүлікті сатып алуға ниет білдірген кез келген жеке немесе заңды тұлға.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.04.
N 91
Қаулысымен.
2. Аукционды өткізуге дайындық тәртібі
3. Аукционшыны және (немесе) бағалаушыны айқындау Қазақстан Республикасының немесе конкурсты ұйымдастырушының орналасқан жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бүкіл аумағында таратылатын ресми мерзімді баспа басылымдарында конкурсты өткізудің орны, күні және негізгі шарттары туралы ақпараттық хабарлама жариялай отырып, баға ұсыныстарын сұрату әдісімен конкурстық негізде жүзеге асырылады.
4. Конкурсты өткізу үшін құрамын конкурсты ұйымдастырушы бекітетін конкурстық комиссия құрылады.
5. Аукционшы және (немесе) бағалаушыны айқындау үшін конкурсты өткізу кезінде мыналар біліктілік талаптары болып табылады:
1) кемінде бір жыл аукциондарды ұйымдастыру және өткізу немесе бағалау қызметі тәжірибесінің болуы;
2) шарт жасасу үшін азаматтық құқық қабілетінің және төлем қабілетінің болуы;
3) конкурсты өткізу күнінің алдындағы үш айдан астам мерзімге салық берешегінің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы;
4) бағалау қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның болуы (бағалаушыны айқындау үшін конкурс өткізген жағдайда).
5-1. Біліктілік талаптарына сәйкес келетін бір тұлға конкурсқа қатысуға өтінім берген жағдайда конкурстық комиссия конкурсты өтпеді деп таниды. Қайтадан өткізілетін конкурсқа біліктілік талаптарына сәйкес келетін бір тұлға қатысқан жағдайда, мұндай тұлға конкурс жеңімпазы болып танылады.
Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.11.17.
N 1093
Қаулысымен.
6. Аукционшыны немесе бағалаушыны анықтау жөніндегі конкурстың жеңімпазы болып:
1) осы Ереженің 7 немесе 8-тармақтарында көрсетілген базалық ставкалар шәкілінің барлық ұстанымдары бойынша сыйақы мөлшерінің ең төменгі ставкасын ұсынған;
2) өңірлік (облыстық) филиалдарының, өкілдіктерінің ең көп саны бар (конкурсты уәкілетті орган өткізген жағдайда) конкурсқа қатысушы танылады.
7. Өткізілген мүліктің сомасына байланысты аукционшы сыйақысының мөлшері базалық ставкаларының мынадай барынша кері шәкілі белгіленеді:
15000 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін - конкурстың жеңімпазын ұсынған сыйақының ставкасы, бірақ 10%-дан жоғары емес;
15000 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен және одан жоғары - 15000 еселенген жылдық есепті көрсеткіштен сыйақының ставкасы + одан асатын соманың 0,2%-ына дейін.
8. Мүлікті бағалауды жүргізу жөніндегі қызметтер үшін сыйақы бағалау объектісінің өткізу құнына байланысты төленеді:
1 000 000 теңгеге дейін - 20 000 теңгеге дейін;
1 000 000 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейін - 60 000 теңгеге дейін;
10 000 000 теңгеден 100 000 000 теңгеге дейін - 140 000 теңгеге дейін;
100 000 000 теңгеден жоғары - 200 000 теңгеге дейін.
9. Мүлікті өткізуге дайындау жөнінде аукционшы қабылдайтын шаралар мыналарды:
1) салық немесе кеден органынан мүлік тізімдемесінің актілері мен салық төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің көшірмелерін, сондай-ақ меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін алуды;
2) аукционға қатысушылардың өткізілетін мүлікті қарауын ұйымдастыруды;
3) сауда-саттыққа лоттарды, оның ішінде өндірістің бірыңғай технологиялық желісін сақтауды ескере отырып қою тәртібін айқындауды;
4) өткізілетін мүлік туралы мәліметтерді (аукционның, өткізілетін күні, уақыты және орны, салық төлеушінің атауы, аукционға қысқаша тізбесі мен жалпы құны көрсетіліп қойылатын мүлік, ақы төлеудің шарттары, аукционға қатысу үшін кепілді жарнаның мөлшері, аукционды ұйымдастырушының оған аударылуға немесе қолма-қол ақшамен енгізілуге тиіс арнайы шотының деректемелері, аукционға қатысуға арналған өтінімдер қабылданатын мекен-жай, уақыт және мерзім, қажет болған кезде аукционды ұйымдастырушының қызметтеріне қосымша ақы төлеу туралы шарт, аукционды ұйымдастырушының қалауы бойынша басқа да ақпарат) қамтитын ақпараттық хабарлама жасауды және оны өткізудің жарияланған күніне дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ уәкілетті органның wеb-порталында жариялауды ұйымдастыруды;
5) сатушыны немесе оның заңды не уәкілетті өкілін және салық немесе кеден органын аукционның өткізілетін күні, уақыты және орны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық хабарлама жариялау жолымен хабардар етуді;
6) осы Ережеден туындайтын өзге де шарттарды орындауды қамтиды.
10. Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкі құрамына енетін бағалы қағаздарды сату Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
11. Аукционға қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукционды өткізу басталарға дейін бір сағат бұрын аяқталады.
3. Аукционға қатысудың шарттары
12. Аукционға қатысушы аукционға қатысу үшін осы Ереженің 13-тармағында белгіленген кепілді жарнаның сомасын енгізуі және өзінің қатысуын аукционшы жүргізетін өтінімдерді тіркейтін арнайы кітапқа тіркеуге тиіс. Аукционға қатысушы қатысуды тіркеу үшін мынадай құжаттарды беруге міндетті:
1) қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттар;
2) салық төлеушінің мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің көшірмесі;
3) кепілді жарнаның төленгенін растайтын құжаттар;
4) заңнамада белгіленген жағдайларда үшінші тұлғаның атынан осы аукционға қатысу құқығын растайтын құжаттар.
13. Кепілді жарнаның мөлшері лоттың бастапқы бағасының 10 %-ын құрайды. Бұл ретте бастапқы бағаны құрамы мен функцияларын конкурсты ұйымдастырушы айқындайтын комиссия мүлікті бағалау жөніндегі есептің деректерін ескере отырып белгілейді. Аукционға қатысушы кепілді жарнаны аукционшының арнайы шотына енгізеді.
Кепілді жарнаны енгізу сауда-саттықтағы жеңімпаздың мынадай міндеттемелерін қамтамасыз етеді:
1) сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;
2) сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасасу.
14. Егер аукционның өткізілетін күні, уақыты және орны туралы хабардар етілген сатушы немесе оның заңды не уәкілетті өкілі аукционға келмесе, онда аукцион оның қатысуынсыз өткізіледі, ал салық немесе кеден органы сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды және оның атынан сатып алу-сату шартын жасасады.
15. Аукционшы аукционға қатысушылар үшін мынадай мәліметтерді қамтитын билеттер дайындайды:
1) аукционға қатысушы сауда-саттыққа қатысатын нөмір;
2) аукционға қатысушы қатысатын сауда-саттықтағы лоттың нөмірі;
3) кепілді жарнаның енгізілгендігін растайтын құжаттың деректемелері.
16. Аукционға қатысушылар саны екеуден кем болмауға тиіс, олай болған жағдайда аукцион өтпеді деп танылады.
17. Әрбір аукцион ағылшындық әдісі бойынша сауда-саттықтан басталады, егер бастапқы бағаны хабарлағаннан кейін қатысушылардың ешқайсысы бастапқы немесе неғұрлым жоғары бағаны ұсынбаса, онда аукцион жалғасады және голландтық әдісі бойынша жүргізіледі, сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамада ол туралы жазба жүргізіледі.
18. Сауда-саттықтың ағылшындық әдісі бойынша аукцион әрбір лот бойынша лоттың құрамына кіретін мүліктің атауын, қысқаша сипаттамасын, бастапқы бағасын және бағаның өзгеру қадамын хабарлаудан басталады. Аукционшы сауда-саттық үдерісінде бұл туралы хабарлай отырып, қадамды алмастыруға құқылы. Өзгеру қадамы лоттың бастапқы бағасының 2 %-ынан 10 %-ына дейінгі шегінде белгіленеді.
Аукционшы лоттың бастапқы бағасын хабарлаған кезде аукционға қатысушылар нөмірді көтеру арқылы мүлікті өзінің сатып алу ниетін растайды.
Біреуден астам көтерілген нөмірлер болған кезде бастапқы баға жарияланған қадамға көтеріледі. Аукционшы аукционға қатысушылардың, лот бойынша сауда-саттыққа қатысушылардың нөмірлерін хабарлайды, бағасын бекітеді және оны көтеруді ұсынады. Лот бойынша сауда-саттық ұсынылған ең жоғары бағаға дейін жүреді.
Лот үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған аукционға қатысушы жеңімпаз болып жарияланады.
Аукционшы лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балғаны ұру арқылы лоттың құрамына кіретін мүліктің сатылғандығы туралы хабарлайды.
19. Мүлікті сауда-саттықтың ағылшындық әдісімен сатып алғысы келетіндер болмаған жағдайда лоттың құрамына кіретін мүліктің атауын, қысқаша сипаттамасын, бастапқы бағасын, ең төменгі бағасын және бағаның өзгеру қадамын хабарлай отырып, аукцион сауда-саттықтың голландтық әдісі бойынша жүргізіледі. Аукционшы сауда-саттық үдерісінде бұл туралы хабарлай отырып, қадамды алмастыруға құқылы. Өзгеру қадамы лоттың бастапқы бағасының 2%-ынан 10 %-ына дейінгі шегінде белгіленеді.
Аукционшы лоттың бастапқы бағасын хабарлаған кезде аукционға қатысушылар нөмірді көтеру арқылы оны өзінің сатып алу ниетін растайды. Көтерілген нөмірлер болмаған кезде аукционшы бағаны жарияланған қадамға төмендетеді.
Нөмір көтерілген кезде аукционшы хабарланған баға кезінде бірінші болып нөмірін көтерген қатысушының нөмірін атайды, лоттың бағасын үш рет қайталайды және бағаны қайталаған уақытта басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балғаны ұру арқылы оны осы лот бойынша жеңімпаз деп жариялайды. Егер бағаны қайталау кезеңінде басқа қатысушы (қатысушылар) нөмір көтерген жағдайда, осы лот бойынша сауда-саттықты жалғастыру ағылшындық әдіс бойынша жүзеге асырылады.
Лоттың ең төменгі бағасына жеткен кезде көтерілген нөмірлер болмаған жағдайда аукцион тоқтатылады және өтпеді деп танылады.
Сауда-саттықтың голландтық әдісі кезінде мүліктің ең төменгі бағасын комиссия:
1) голландтық әдіс бойынша бірінші аукционда бастапқы бағаның 80 %-ына дейінгі мөлшерде;
2) голландтық әдіс бойынша екінші аукционда бастапқы бағаның 60 %-ына дейінгі мөлшерде;
3) голландтық әдіс бойынша үшінші аукционда бастапқы бағаның 40 %-ына дейінгі мөлшерде;
4) голландтық әдіс бойынша төртінші аукционда бастапқы бағаның 20 %-ына дейінгі мөлшерде;
5) голландтық әдіс бойынша бесінші, алтыншы және жетінші аукционда бастапқы бағаның 10%-ға дейінгі мөлшерде белгілейді.
20. Мүлік бойынша өткізілетін аукциондардың жалпы саны жеті реттен аспауға тиіс.
Жеті аукцион өткізілгеннен кейін мүлік сатылмаған жағдайда аукционшы осы Ереженің 9-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжаттарды, сондай-ақ сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттамаларды қоса бере отырып, бұл туралы салық немесе кеден органын хабардар етеді.
Салық немесе кеден органы осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін Салық кодексінде көзделген салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алудың кейінгі шараларын қабылдайды.
21. Егер бюджетке аударылуға тиесілі сома салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкі тізімдемесінің актісінде белгіленген сомадан төмен болған жағдайда, өз құзыретінің шегінде мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім шығарған салық немесе кеден органы құнындағы айырманы өтеу мақсатында өз құзыретінің шегінде мүліктің қосымша санымен билік етуді шектеу туралы шешім шығарады. Қосымша шектелген мүлікті өткізген кезде аукционшы мен бағалаушыға сыйақы төленбейді.
Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.04.
N 91
Қаулысымен.
5. Сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттаманы ресімдеу тәртібі
22. Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша аукционшы төрт данада сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттама жасайды.
23. Мүлік сатылған кезде жеңімпаз, сатушы және аукционшы сатып алушы және сатушы, мүліктің атауы, мүліктің бастапқы бағасы және сату бағасы, оның ішінде кепілді жарна туралы, сондай-ақ сатып алушы мен сатушының сатып алу-сату шартын жасасу жөніндегі міндеттемелері туралы мәліметтер көрсетілетін сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды.
Сатушы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға оның атынан салық немесе кеден органы қол қояды.
Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама сатып алу-сату шартын жасасу үшін негіз болып табылады.
24. Осы Ереженің 20-тармағында көзделген жағдайда аукционшы мен салық немесе кеден органы сатушы, мүліктің атауы, бастапқы баға, кепілді жарна, мүліктің аукционнан алынғаны туралы мәліметтер көрсетілетін хаттамаға қол қояды.
6. Кепілдік жарнаны қайтарудың тәртібі
25. Аукционшы аукционда ұтпаған қатысушының кепілді жарнасын аукцион аяқталғаннан кейін екі банктік күннің ішінде қайтарады.
Жеңімпаздың кепілді жарнасы ол сатып алған мүлік үшін төленуге тиіс сомада есептеледі.
26. Жеңімпаздың кепілді жарнасы ол осы Ереженің 23-тармағында көрсетілген хаттамаға қол қоюдан бас тартқан немесе сауда-саттықтың нәтижелері бойынша сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан жағдайда қайтарылмайды. Бұл ретте аукционшы екі жұмыс күні ішінде кепілді жарнаның сомасын аукционды ұйымдастыруға және мүлікті бағалауға кеткен шығындарды шегере отырып, кірістердің бюджеттік сыныптамасының "Республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер" тиісті кодына республикалық бюджет кірісіне есепке жатқызады.
7. Сатып алу-сату шартын жасасудың тәртібі
27. Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша жеңімпаз аукцион өткізілгеннен кейін екі жұмыс күнінің ішінде сатушымен (сатушы сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан жағдайда шартты оның атынан салық немесе кеден органы жасасады) жазбаша нысанда мүлікті сатып алу-сату шартын жасасады және сатып алу-сату шартын жасасқаннан кейін екі банктік күннің ішінде сатып алынған мүліктің тиесілі сомасын салық төлеушінің салық берешегін өтеу есебіне бюджетке аударады. Сатып алушы аукционшыға, сатушыға және салық немесе кеден органына көрсетілген соманың бюджетке аударылғанын растайтын төлем құжаттарының көшірмелерін жібереді.
Аукционшы сатып алу-сату шартын жасасқаннан кейін екі банктік күн ішінде кепілді жарнаның сыйақысы сомасынан асатын мөлшерде оның бір бөлігін бюджетке аударады. Кепілді жарнаның сомасы аукционшы сыйақысының сомасынан аз болған жағдайда, оған айырманы жеңімпаз мүлікті сатып алу-сату шартында көрсетілген деректемелер бойынша төлейді. Бағалаушының қызметтерін мүлікке ақы төлеу сомасынан жеңімпаз төлейді.
28. Егер сатып алушы сатып алу-сату шартын жасасқаннан кейін екі банктік күннің ішінде осы мүлік үшін тиесілі соманы енгізбесе, онда жасалған сатып алу-сату шартын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзады, сатып алушы аукционға қатысушылар қатарынан шығарылады және сатып алушы енгізген кепілді жарнаның сомасы қайтаруға жатпайды.
Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.17.
N 1093
Қаулысымен.
29. Осы мүлік бойынша сатып алу-сату шарты жасалмаған жағдайда аукционшы келесі күннен кешіктірмей мүлікті бағасы соңғының алдында (неғұрлым жоғары) болған сауда-саттықтың басқа қатысушысына ұсынады.
Соңғысы сатып алуға келісім берген кезде осы Ереженің 23-тармағына сәйкес бір жұмыс күнінің ішінде хаттамаға қол қойылады. Хаттаманың негізінде аукционға осы қатысушы екі жұмыс күні ішінде тиісті сатып алу-сату шартын жасасады және сатып алу-сату шартын жасасқаннан кейін екі банктік күннің ішінде мүліктің толық құнын төлеуді жүргізеді. Бұл ретте, бірінші сатып алушының кепілді жарнасының сомасынан аукционшы мен бағалаушының сыйақысы ұсталған жағдайда сатып алушы сатып алған мүлік құнының сомасы толық мөлшерде сатушының салық берешегі есебіне аударылады.
30. Сатып алу-сату шартында шарттың мәні, салық төлеушінің мүлікке билік етуін салық берешегінің есебіне шектеу туралы салық немесе кеден органы шешімінің күні мен нөмірі, сауда-саттықтың нәтижелері туралы хаттаманың күні мен нөмірі, тараптардың мүлік үшін құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, мүлік сатып алғаны үшін бюджетке төленген сома мен шарттың басқа да шарттары көрсетіледі.
8. Мүлікті аукционнан алу жөніндегі айрықша шарттар
31. Мүлікті аукционнан алу салық төлеуші салық берешегін аукцион өткізген күнге дейін өтеген жағдайда жүргізілуі мүмкін.
Аукционшы салық немесе кеден органы салық төлеушінің салық берешегін өтегені туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мүлікті аукционнан алу туралы қатысушыларды хабардар етеді.
Бұл жағдайда бағалау мен аукционды ұйымдастыру бойынша жүргізілген барлық шығыстарды салық төлеуші өтейді.
32. Салық немесе кеден органы салық берешегінің сомасын сатушы өтегеннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімінің күшін жояды және бұл туралы аукционды ұйымдастырушыға хабарлайды.
Ескерту. 32-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.04.
N 91
Қаулысымен.
9. Салық берешегінің артық төленген сомасын қайтару
33. Салық төлеушінің өткізілген мүлкі бойынша артық төленген сома пайда болған жағдайда салық берешегі мен өткізілген мүлік сомасының арасындағы айырма»"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 39-40-баптарына сәйкес салық төлеушіге қайтарылады.