Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы
N 194 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН
:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктер үшін" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194
Жарлығына
(Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 418-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының лауреаты атағын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар
енгізілсін:
Оразбақов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Ғалым Ізбасарұлы және сауда министрі,төрағаның орынбасары,
Түймебаев - Қазақстан Республикасының Білім
Жансейіт Қансейітұлы және ғылым министрі,
Перуашев - "Атамекен" Қазақстан кәсіпкерлері
Азат Тұрлыбекұлы мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық
одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің
басқарма төрағасы (келісім бойынша),
Кравченко - Қазақстан сапа көшбасшылары
Иван Михайлович қауымдастығының басқарма төрағасы
(келісім бойынша),
Кузлякин - Қазақстан Сүт одағының тең төрағасы
Александр Константинович (келісім бойынша);
көрсетілген комиссияның құрамынан В.С. Школьник, Б.С. Әйтімова, В.Я. Дворецкий, С.Ю. Савченко, А.С. Соловьева шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті